Әр елдің "үздік" әзілдері » ZHARAR © 2016 | үздік, жатыр, бұрын, дейді, айқайлап, махаббаттас, сенің, өлгім, дерлік, болдым, Осыдан, табаны, тышқан, қалған, жауап, секілді, шешеңмен, жасаған, британдық, әлеміне




  • »

Әр елдің "үздік" әзілдері

Әр елдің

Осыдан бірнеше жыл бұрын британдық әзілқой зерттеушілер күлкі әлеміне жасаған ұзақ саяхаттан соң, көпшілікке ең "үздік" делінген анекдоттарды таныстырған болатын.

Манчестерлік психиатр Гарпало Госселдің (Gurpal Gosall) ел үкіміне табыстаған (ол бұл әзілді сотқа тапсырған) "әзілі":

Екі аңшы орман ішінен шығып келе жатып, кенет біреуі жерге құлай кетеді. Құлағанының жүрегі тыныс алмайтын сияқты. Көз жанары сөніп бара жатқан. Қасындағы аңшы дереу арада аурухана нөмірін тереді. Қысылып тұрғандықтан, телефонға бар ащы даусымен айқайлап сөйлеп жатыр дейді: "Менің досым өлді! Маған не істеу керек?" Ал оператор болса, жауап беруде: "Сабыр етіңіз, біз сізге көмектесеміз, бірақ, алдымен досыңыздың өлген-өлмегенін анықтап алу қажет".

Біршама уақытқа тұтқа үнсіз қалған, сосын мылтықтың дауысы естіліпті. Аңшы диспетчерге айтып жатыр дейді:

"Жарайды, ол өлді, енді не істеймін?"

Шотландиядағы ең "үздік" әзіл:

"Мен түсімде тыныш әрі бейбіт түрде өлгім келеді, тура атам секілді... Пассажирлері секілді айқайлап өлгім келмейді".

Ұлыбританиядағы ең "үздік" әзіл:

"Екі ақ тышқан жерде отыр. Бірі екіншісіне айқайлап жатыр: "Мен сенің шешеңмен махаббаттас болдым!". Тыныштық орын алды, екі ақ тышқан ары қарай не болады деген ниетпен тыңдауда. Біріншісі тағы да көкіп тұр:"Мен сенің шешеңмен махаббаттас болдым!" Екіншісі, ақыры жауап беріпті: "Үйге бар, әке, сен массың".

АҚШ-тағы ең "үздік" әзіл

"Екі ер адам гольф ойнау үстінде. Кенет екеуі алаңқайға жақын жерде жерлеу рәсімі өтейін деп жатқанын көздері шалады. Соққы кезінде екі ердің бірі басынан қалпағын алып, көзін жұмып, дұға қылып жатыр екен. Досы таңырқап жатыр дейді: "Жаман емес, мен бұрын-соңды көрмеген әсерлі ишарат қой. Сіз, сөзсіз, өте жақсы адамсыз". Әлгі адам: "Иә, 35 жыл үйлі болып едік" депті.

Бельгиядағы ең "үздік" әзіл:

"Неге үйректердің табаны жарғақ? Өйткені, өртті сөндіру үшін. Ал неге пілдердің табаны жалпақ? Өртенген үйректерді жаншу үшін".

Зерттеушілер осы қатарда неміс жұртшылығына таң-тамаша қалған. Олар барлық дерлік әзілдерге ішек-сілелері қатып, бәрін дерлік үздік деп тапқан.

Өзіңіз білетін әзілмен бөлісіңіз...

Дайындаған: Фараби Арыстанбек, дереккөзі


Санат: KZ портал | | 1 199
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .