Исмағұлов Сабыржан (Өлмейсің арпалыссаң арың үшін)

 Исмағұлов Сабыржан (Өлмейсің арпалыссаң арың үшін)

Ақынды ел сыйлайды арыны үшін.
Болған соң елден ерек дарыны шын.
Отанға деген ыстық махаббатым,
Кернейтін кең кеудемді жарылысым.
Жаратқан құдайыма тəубе деймін,
Отаным Қазақстан барың үшін.
Жалғаған ұлы жолын көктүріктің,
Кешегі сақ пен ғұнның сарынысың.
Соғыс пен ашаршылық желтоқсанның,
Əліде ұмытпады зарын ішім.
Сол кезде бабаларым жан бердіңдер,
Ел мен жер бала-шаға жарың үшін.
Ұмытпай ұлықтайды ұрпақтарың,
Таныйды батырым деп бар ұлысың.
Ерлігі бабалардың бізге үлгі,
Қайтатын есе кетсе қарымы шын.
Күймейсің отқа түссең отан үшін,
Өлмейсің арпалыссаң арың үшін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді