Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк) » ZHARAR © 2016 | Исмағұлов Сабыржан Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк өлең олен стихи на казахском, Исмагулов Сабыржан өлең олен стихи на казахском, Исмағұлов Сабыржан өлеңдері, габиден кожахмет олен




  • »

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк)

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк) казакша Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк) на казахском языке

Ашып айтам отырмайм астарлатып.
Тіл аман болса таймас бастан бақыт.
Өз басын ойлап кетті əр бір адам,
Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк.
Жасыңда жетем десең жетістікке,
Ойланып жаса істі жоспарлатып.
Белес жоқ бағынбайтын жас кезіңде,
Жасқанбай қарау керек асқарға тік.
Орда бұза алмасаң отызыңда,
Жүреді қырығыңда бастар қатып.
Ұстанып исламды құдайға сен,
Əкелмес қос дүниеде басқа арна құт.
Қазақтықтың белгісі қара өлең,
Қадірін түсінейік аспандатып.
Жыр жаттап өлең оқып жүрсе жастар,
Қуанам жанарымнан жас парлатып.
Бірлікті арман еткен бабаларым,
Жүрген соң табанына тастар батып,
Жүріңдер бір біріңді батырым деп,
Ми болмас көп сүзіскен қошқарда түк.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 267
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .