👈 қаріп өлшемі 👉

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер топтамасы

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер топтамасы

1. Еңбектен асқан ем жоқ.

2. Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

3. Таңертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.

4. Денсаулық — зор байлық.

5. Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.

6. Жалқаулық — жаман ауру.

7. Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

8. Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.

9. Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.

10. Жұғын бар жерде — шыбын бар,
Шыбын бар жерде — шығын бар.

11. Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.

12. Дос - жаран ауырып қалғанда,
Елемей селсоқ жүрерсің.
Әлекке ауру салғанда,
Қадірін жанның білерсің.

13. Жасырғанның жарасы асқынады.

14. Өлгенге өкпе жүрмейді.

15. Екі ауру бір келсе,
Ажалыңның жеткені.

16. Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.


Қажетті сілтемелер:



17. Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай - сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.

18. Дәрігер дәрімен емдемейді,
Тілмен емдейді.

19. Ауру жайын баққан біледі,
20. Аңның жайын атқан біледі.

21. Қимыл шынықтырады,
Ұйқы тынықтырады.

22. Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдын ал.

23. Қомағай болдым дегенше,
Қорадан шықпай өлдім де.

24. Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.

25. Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.

26. Ауырып, ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

27. Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

28. Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.

29. Жан ауырса, тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

30. Жас жігіттің жарасы,
Жол - жөнекей жазылар.

31. Бірге тумақ бар,
Бірге өлмек жоқ.

32. Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.

33. Өлінің тілін тірі алмас.

34. Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

35. Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.

36. Басы жұмыр пенденің
Барар жері белгілі...

37. Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.

38. Адам өмірге


39. Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

40. Жылан шаққан адам,
Ала арқаннан аттамайды.  


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы