Әйел, қатын

Әйел, қатын

Әйел туралы мақал-мәтелдер жинағы

Әйел боянса — бұзылады,
көп қиқандаса — ұрылады (Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса — жеңіледі,
еркелесе — жеңеді (Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса күші екі көзіне жетеді.

Әйел десем әжеме тиеді.

Әйелді жаман десең, анаң соның ішінде.

Әйелдің асылы түсінен білінеді.

Әйелдің бір өнері ас пісіру.

Әйелдің күші аз, айласы көп.

Әйелдің өркөкірегі қор болады,
Еркектің өркөкірегі зор болады.

Әйелдің пірі — еркек.

Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.

Әйел ерге, ер жерге қарайды.

Әйел ерімен, диқан жерімен.

Әйел жерден шыкқан жоқ, ол да еркектің баласы.
Еркек көктен түскен жоқ, әйел оның анасы.

Әйел жолда, бала белде.

Әйел жомарттық қылғанда еркек нәмарттық қылғаны өлім.

Әйел көркі ақылда.

Әйел кұны бес байтал.

Әйел сырын әйелден сұра.

Әйелсіз үй сусыз диірмен.

Әйел тұрмай еркек оянбайды.

Әйел үйдің ажары,
Бала үйдің базары.

Әйел үйдің көркі,
Еркек түздің көркі.

Әйел үй сақтайды,
Еркек түз сақтайды.

Әйелі жасара берсе,
еркегі есіре береді (Ғ.Мүсірепов).

Әйелі көп үйдің инесінің көзінен жіп өтпейді,
Белсендісі көп колхоздың жұмысы бітпейді.

Әйелінен сескенген ауылдасына шай іш демейді.

Әйелінен ұялған баласыз өтеді.

Әуелгі байлық — денсаулық,
екінші байлық — он саулық,
үшінші байлық — ақ жаулық.

Байдың атын қатын шығарады,
Катынның атын жетім шығарады.

Бақа жарығы сумен
Катын жарығы ерімен.

Береке келіннен,
Нан егіннен (Нақысбек шешен).

Болдыратын да, толтыратын — қатын.

Бұлт шығып, жаңбыр жаумай жерді алдайды,
Әйелдің айлакері ерді алдайды.

"Біз де қатын болармыз,
қапқа тары салармыз".

Бір қатын сыйлаумен қатын,
Бір қатын қинаумен қатын,
Нағыз қатын сол қатын — һәр нәрсені ойлаумен қатын (Н.Наушабаев).

Бір қатын тамағымен тойғызар,
Бір қатын қабағымен тойғызар.

Ел малсыз болмас,
Жігіт жарсыз болмас.

Еркек — түздің аңы,
Әйел — үйдің қамы.

Еркек — үйдің егесі,
Әйел — үйдің шегесі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады