Қазақша мақал - мәтел: Қыз, әйел заты

Қазақша мақал - мәтел: Қыз, әйел заты казакша Қазақша мақал - мәтел: Қыз, әйел заты на казахском языке


Қыз - қонақ.

Қыз - әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.

Қыз бала - өріс.

Қыз - ауылдың көркі,
Құндыз болса, бөркі.

Қыз жоқ жерде қызық жоқ.

Қызға бергенді Қыдыр өтер.

Қызға бергенді қыз өтер.

Қызды ауыл көңілді.

Қыз қылығымен жағады.

Қыз: «Қуыршақ», - дейді,
Ұл: «Құлыншақ», - дейді.

Қыздың қырық жаны бар.

Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

Қыздың тамағы қылдай.

Қызым үйде, қылығы түзде.

Қызға қырық жерден тыйым,
Қырық үйден қарауыл.

Қыз қылығынан.

Қызды ауыл өсекшіл.

Қызды қартша сына,
Атты жігітше сына.

Қыз көрейік, қыз көрейік,
Қыз көретін жігітті біз көрейік.

Қызы бардың - көзі бар,
Ұлы бардың - өзі бар.

Қызды таныс алады,
Таныс алмаса, қоныс алады.

Қызыңды жеріне бер,
Жер ыңғайы келмесе, еріне бер.

Қызды ауылдың иті жатпас.

Қыздың қызылы қашса,
Жігіттің қызығы басылады.

Қыз келіннен ғибрат алсын,
Ұл елінен ғибрат алсын.

Қыз өссе - үйге жұт,
Ұл оссе - үйге құт.

Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.

Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.

Жерді шым, елді қыз біріктіреді.

Суды құм бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.

Судың түбін шым бөгейді,
Даудың түбін қыз бөгейді.

Қой жүрген жер - береке,
Қыз жүрген жер - мереке.

Ақылды қызға ана көп,
Аяулы жанға пана көп.


Алқатсаң, алқат қызыңды,
Ақтар ол дәм-тұзыңды.

Күзгі күннің көзіне қызыңды қой,
Көктемнің күніне келініңді қой.

Гүл өссе - жердің көркі,
Қыз өссе - елдің көркі.

Қыздар, сәулем, толғанда жүріс түзер,
Жүріс түзеп жігітке көзін сүзер.

Бесін болса, күн тұрмас,
Күйеу келсе, қыз тұрмас.

Арпа берсең, атқа бер,
Күтірлетіп шайнасын,
Қызды берсең, жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын.

Бір қыз күйеуге шықса,
Қырық қыз түс көреді.

Біреу қыз алып қашады,
Біреу қызығына қашады.

Шыққан қыз шиден тысқары.
Теңін тапса, тегін бер.
Қалыңсыз қыз болса да,
Кәдесіз қыз болмайды.

Қыздың баласындай, қолдың саласындай.

Қысыла-қысыла қыз болдым.

Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады?

Қымызды кім ішпейді,
Қызды кім айттырмайды.

Қатты айтқан қарындасқа жақпайды.

Ac таңдасаң, аяғына қара,
Қыз таңдасаң, анасына қара.

Күндес көргеннің қызын алма.

Көп беріп, көргендіден қыз алсаң,
Тік тұрып, мейманыңа қызмет етер.
Аз беріп, көргенсізден қыз алсаң,
Байының қойнына бір жатқанын міндет етер.

Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар,
Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар.

Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолын күс басады.

Ондай-ондай хан қызында да болады.

Боқшасында боғы жоқ,
Қызының атын Маржанбике қойыпты.

Тұзды көп сақтама, су болады.
Қызды көп сақтама, күң болады.

Қой көрмесек те қи көрдік,
Ешкілі байдың қызы едік.

Қисық болса да, жол жақсы,
Долы болса да, қыз жақсы.

Саз болса да, жаз жақсы,
Соқыр болса да, қыз жақсы.

Қарты бардың хаты бар,
Қызы бардың назы бар.

Өзі болған қыз төркінін танымас.

Төркін десе, қыз төзбейді,
Көкпек десе, түйе төзбейді.

Қыздан туғанның қиығы жоқ,
Туыс қылудың қиыны жоқ.

Екі қыздың баласында туыстық жоқ,
Туыс қылам деудің дұрыстығы жоқ.


Ұлға отыз үйден тыйым,
Қызға қырық үйден тыйым.

Тауықты тойындыра алмайсың,
Қызды киіндіре алмайсың.

Қойшының қызы қой келгенде іс қылар.

Жақсы қыз - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт -төбедегі жұлдыз.

Біреудікі біреуге қыздай көрінер.

Отырған қыз орын табар.

Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.

Кәрі қыз ер таңдамайды,
Өлген кісі жер таңдамайды.

Ойының бекімі жоқ қыз қырық құбылады.
Кәрі қыздың ұяты босаға аттағанша.

Қыздың көзі - қызылда.

Қызға қырық үйден,
қала берсе, қырық күңнен тыйым.

Қырық жеті - қыздың құны.

Қыз өспес пе, көкіректі теспес пе?!

Қызға қараған күн - айсыз қараңғы түн.

Қызы бар үйдің келіншегі сүйкімді.

Қыздың сырын жеңгесі біледі.

Қызды жеңге,
Жеңгені теңге бұзады.

«Кетем!» деген қыз,
«Көке!» десең де тұрмайды.

Бас-басыңа бай қайда,
Шал да болса тиіп ал.

Қыз ұзатқанның қызылы қалмайды.

Жасауы бар қыздың күйеуі жуас.

Кәдесіз күйеу болса да,
Жасаусыз қыз болмайды.

Қыздан туған қияқсыз.

Есігі жаманның үйіне барма,
Шешесі жаманның қызын алма.

Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа.

Алысқа қой барады,
Ұзатылған қыз барады.

Қойшының қызы қой келгенде жүн түтеді.

Күңнің қызы еркелесе,
Аспандағы жұлдызды әпер дер.

Құлдың ұлы еркелесе,
Ханның қызын әпер дер.

Мақтаған қыз тойда осырар.

Үлкен қызыңды бермесең де,
Кіші қызыңа ризамын.

Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

Кәрі қыз бала тапса,
Қоярға жер таппайды.

Көне етіктіге бармайды,
Көк етікті алмайды.

Бір қызымнан бір қызым сорақы.

Қыдырмашыл шешенің қызы бастаңғышыл.


Мыржаң жігітке ыржың қыз - Ләйлісі болады.

Жездеме тиіп жетілгенім бар болсын.

Жазымсыраған қыстан без,
Жасымсыраған қыздан без.

Құмға сиген білінбес,
Қызға берген көрінбес.

Әйелі өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.

Өткелден өткенше қызыңды алайын,
Өткен соң аузыңды ұрайын.

Қызы бар ауылдың қыдыры бар.

Қызымның құлағына алтын сырға.

Қызым, саған айтамын,
келінім, сен тыңда.

Жауынды күні ат көрме,
Айтты күні қыз көрме.

Қызды қырық кісі айттырады,
Бұйырған біреуі алады.

Ауылыңа қалың берсең, төменнен бер,
Қызыңа қалың берсең, жоғарыдан бер.

Қыздың жолы жіңішке.
Асыққан қыз ерте кетсе де,
Етек-жеңі жерге жетпейді.

Қыздың сырын төркіні біледі.

Ананың көңілі қызында,
Қызының көңілі қызылда.

Бесік кертпе қыз.

Қыз - мұңлық.

Жігіт - күш, қыз - көрік.

Жігіт алтын, қыз күміс бойдағында.

Ұлға - түтін, қызға - күтім.

Қыз тілеуі - Қыдыр тілеуі.

Жігіт қыз таңдайды,
Қыз жігіт талғайды.

Сұлу жігіт - ел көркі,
Сұлу қыз - үй көркі.

Қалыңдық жасауына қарай назданады.

Қыздың көркі - кигені,
Жігіттің көркі - сүйгені.

Қызда кеңілің бар болса,
Үмітіңді үзбей бар.

Қыс қыс сияқты болсын,
Қыз Қыз сияқты болсын.

Қыз ұзатылған үй өлік шығарғандай.

Ай десе, аузы бар,
Күн десе, көзі бар.

Әйелдің пірі - Бибі Фатима

Әйел - қырық шырақты.

Әйел - үйдің қазығы.

Әйел - үйдің көркі,
Еркек - түздің көркі.


Асыл әйел - әрі еркек, әрі қатын.

Еркек - бас, әйел - мойын.

Әйелді гүлмен жасқауға да болмайды.

Еркек түз сақтайды,
Әйел үй сақтайды.

Жақсы әйел - теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Инабатты болса - әйел,
Өнегелі болса бала көрікті.

Жақсы әйел - ырыс,
Жаман әйел - ұрыс.

Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.

Ердің асылы күшінен білінеді,
Әйелдің асылы ісінен білінеді.

Жақсы қатын жаман еркекті адам етеді.

Қызға бергісіз қатын бар.

Әйелді бастан, баланы жастан.

Еркекке жүрек керек,
Әйелге тірек керек.

Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын
Ойлап талдайды.

Ерге жаққан қатын елге де жағады.

Қапияда қатын ақыл табады.

Көріп білген көріктіден
Көрмей білген текті артық.

Жақсы қатын жарының жақсылығын асырар,
Жамандығын жасырар.

Сиырдың сүті болсын,
Әйелдің асы болсын.

Қатын ерге қарайды,
Ер жерге қарайды.

Бақпасаң, мал кетеді,
Күтпесең, қатын кетеді.

Әйелінен ұялған баласыз өтеді.

Түлен түртпесе,
Түнде келін төсектен тұрмайды.

Ұлсыз қатын шүмекке тоймас.

Қатын көп болса
Шөмішті ит жалайды.

Қатын мұндай көп болмас,
Қарта мұндай боқ болмас.

Қылымсыған қатын қызыл көйлек киеді.

Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.

Әйел өз қылығын білмей, еркегіне өкпелейді.

Қатты қаңтар болмай,
Су-теңіз тоңбайды,
Қатын шайпау болмай,
Ер жалғыз үй қонбайды.

Көшпей, қонбай қараша қатынын жоғалтты.

Күйеуіне өкпелеген қатын
Қайнағасына сәлем бермейді.

Жақсы қатын жүн қарыз алады,
Жаман қатын су қарыз алады.


Салақ қатынның үйінен
Сабақты ине табылмас.

Алты қатын асқа барса,
Әрқайсысы өз мұңын айтар.

Отқа барған қатынның
Отыз ауыз сөзі бар.

Айлас, қатын мұңдас.
Жаман қатын қыз табар.

Қашқан жауға қатын ер.

Екі қатынның баласы екі рулы ел.

Бір қатынның қырсығы
Қырық есекке жүк болған.

Жаман қатын төсегінен белгілі,
Жаман жігіт есебінен белгілі.

Тоғыз қатынның толғағы бір келеді.

Ерлеріне қатын қас,
ақыр түбін ойламас.

Ері жоқ әйел - ескегі жоқ қайық,
Әйелі жоқ еркек - ауыздығы жоқ ат.

Бақа жарығы сумен,
Қатын жарығы ерімен.

Байтал жүйрік, пайда жоқ,
Қатын шешен, парқы жоқ.

Кемпірі бардың кәпірі бар.

Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Олақ қатын ұл туса,
Не шүмегі жоқ, не түбегі жоқ.

Жақсы әйел - үй дәулеті,
Жақсы шапан - той сәулеті.

Жақсы әйел - жарты иманың.

Жақсы әйел - зейнет,
Жаман әйел - бейнет.

Ерін баққан әйел елін де бағады.

Болдыратын да, толтыратын да қатын.

Батырды екі долы қатынның бірі туады,
Би мен көсемді әйелдің ілуде біреуі туады.

Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.

Елек сұрап барып ерге шығады.

Жақсы - бір қатыннан туады,
Жаман - әр қатыннан туады.

Әйелдің абыройы - дақ түснеген ары.

Ері өліп ерге тисе - елдің жорасы,
Ері тұрып ерге тисе - беттің қарасы.

Бірінші әйел - шекер,
Екінші әйел - бекер.

Мал бәйбішенікі, бай тоқалдікі.

Күндестің күлі де күндес.

Күндестің көрген күні құрысын.

Еркекқұмар әйел ерге жарымас.

Абысын ағарып алдымда жүрмесін,
Қарайып артымда қалмасын.


Әйелдің қары,
Еркектің қоры күлегеш.

Жаман қатын өлсе, төсек жаңғырады,
Жақсы қатын өлсе, бас қаңғырады.

Еркек көгі болса, отын жоқ,
Әйел көп болса, су жоқ.

Еркек көп жер отынға жарымайды,
Әйел көп жер суға жарымайды.

Балдыз балдан тәтті.

Балдыз - жарты қатын,
Қайынбике - бүтін қатын.

Әйелі азған елдің ертеңі жоқ.

Заман бұзыларда әуелі әйел бұзылады.

Әйел ашуланса, екі көзіне әлі келеді.

Екі әйелдің басы қосылса,
Үшінші әйелдің соры.

Жақсы қатын белгісі - былғары қылар теріні.

Әйел ақылсыз, бақа көріксіз.

Әйелдің күші жоқ, айласы көп.

Олақ қатын оймақшыл,
Салақ қатын сауықшыл.

Долы қатын - жылауың,
Сұғанақ қатын - сұрауың.

Іші тар қатын ұл тумас.
Қой толғағыңды берме,
Оң толғағыңды бер.

Біз де қатын болармыз,
Қапқа тары салармыз.

Біздің алақанымызға да қарға тышар.

Алтын басты әйелден
Бақыр басты еркек артық.

Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.

Қатын бастаған көш оңбас.

Көш басшысы - бәйбіше.
Бәйбіше - Құдай бұйрығы,
Тоқал - иттің құйрығы.

Бәйбішеге малын берер,
Тоқалға жанын берер.

Кіші қатын - кісі қатыны.

Тоқалдың күні де күндес,
Күлі де күндес.

Күндес күнде өш.

Күндес қатын - керіс,
Мұңдас қатын - өріс.

Күндес қатын күнде ауру,
Қала берді түнде ауру.

Күндесті болғанша, күнің басқа болсын.

Күндесті болсаң бол, ойнасты болма

Ебелектен отын болмас,
Ойнастан қатын болмас.

Жаман бие тайымен ойнайды,
Жаман қатын байымен ойнайды.

Қатын алсаң, қарап ал,
Ат алсаң, мініп ал.


Ыштан көйлек болмайды кигенменен,
Жаман қатын болмайды сүйгенменен.

Байын билеген әйел ауылды билеймін деп
Шәрһәкім болады.

Байдың атын қатын шығарады,
Қатынның атын жетім шығарады.

Жаман қатын байына
Жалғыз атын сойғызар;
Жақсы қатын жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.

Ұста қатынымен темір қызғанша ұрыса алады.

Бұлт шығып, жаңбыр жаумай елді алдайды,
Әйелдің айлакері ерді алдайды.

Еркек дауысты қатында ұят болмас,
Әйел дауысты еркекте қуат болмас.

Байдың қатыны өлсе, төсегі жаңғырар,
Кедейдің қатыны өлсе, басы қаңғырар.

Қатын қалса, бай табар,
Бала қалса, мал табар.

Байсыз әйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.

Қатын өлді - қамшының сабы сынды.

Қатын өлсе үйің кетеді,
Басыңнан күйің кетеді.

Атың жебір болса - Құдайдың бергені,
Әйелің жебір болса - Құдайдың ұрғаны.

Тастарында қатын жаман,
Көшерінде жұрт жаман.

Бұзылған қатын бұралқы итпен тең.

Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.

Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.

Бала таппаған қатыннан
Лақтаған ешкі артық.

Қатын - ала қаптың қатыны,
Ала қаптан ас кетсе,
Әлдекімнің қатыны.

Ер айласы - бір,
Қатын айласы - мың.

Тыртақай жігітке,
Жыртақай әйел кез болар.

Аймақ құты - ақсақал,
Ауыл құты - бәйбіше.

Елді қорғайтын - ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін - әйелдер.

Жырақтан құтқарса - атың мұра,
Жалғыздықтан құтқарса - қатын мұра.

Сиыр су тастамайды,
Қатын үй тастамайды.

Әйелдің қаруы - ожау.

Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.

Салақ әйелге - соқыр күйеу.

Кей сорлының қатыны
Күндіз ауру, түнде сау.

Балалы әйел - кескекті аю.

Қатын ашуланса қазан қайнатар.

Бодалақ жіпті бос қатын,
Алсаң етті қос қатын.

Қатынның шайпау болғаны - болмағаны,
Келіннің шайпау болғаны - оңбағаны.

Жақсы әйел - ері ұялар іс қылмайды.

Әйел асқақтаса, жылайды,
Еркек асқақтаса, құлайды.

Әйел ашуланса жеңіледі,
Еркелесе жеңеді.

Жетесіз әйел ер қадірін білмес.

Абада мал қалса, қатын қарар,
Ниеті бар болса, жанын салар.

Қатынның қарғысы жаман.

Жақсы әйел -
Жігіттің жақсы қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын.
Жаман әйел -
Жігіттің тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.

Жаман қатын қыз болам деп қылымсиды,
Жаман қыс жаз болам деп жылымсиды.

Асау арудың арыны басылғанмен

Ұрыншақ ұрғашының ұры желігі басылмайды.

Әйелді теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен,
Әйелді тепсең, сағы сынады,
Баланы ұрсаң бағы сынады.

Күндестік шырық бұзады.




KZ » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Әйел туралы (О женщине), Мақал-мәтелдер – Әйел туралы, Пословицы на казахском языке О женщине, Қазақша Мақал - Мәтел: Әйел, Қазақша Мақал - Мәтел, Әйел казакша макал мател, әйел туралы мақал мәтелдер, айел туралы макал мател, мақал мател әйел туралы, пословицы на казахском о женщинах, қыз туралы макал-мателдер, кыз туралы макал мател казакша, қыз туралы мақалдар, қыз туралы мақал мәтелдер, қыз бала туралы мақалдар, қыз бала туралы мақал мәтелдер, қыз бала туралы мақал мәтел, кыз туралы макал-мателдер, пословицы на казахском языке про девушек, пословицы на казахском про девушек, айел туралы макал мател, мақал мател әйел туралы, пословицы на казахском о женщинах, кыз туралы макал мател казакша, қыз туралы мақалдар, қыз туралы мақал мәтелдер, қыз бала туралы мақал мәтел, пословицы на казахском про девушек, Әйел казакша макал мател, Қазақша мақал - мәтел: Қыз, әйел заты макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы