Қазақша мақал - мәтел: Ұл бала, ер жігіт

Қазақша мақал - мәтел: Ұл бала, ер жігіт казакша Қазақша мақал - мәтел: Ұл бала, ер жігіт на казахском языке



Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.

Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.

Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.

Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.

Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.

Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.

Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.

Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.

Аталы ұл — қожалы құл.

Атасыз ұлдың ауызы үлкен.

Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.

Ұл туғанға —
Күн туған.

Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.

Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.

Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.


Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт,
Ұлыңды отау иесі болғанша күт.

Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.

Озар елдің қызы мінезді,
Ұлы өнерлі келеді.

Жақсы келін құрдасыңдай болар,
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.

Ұлың өссе,
Ұяттымен ауылдас бол,
Қызың өссе,
Қылықтымен ауылдас бол.

Жақсы келін — қызыңдай,
Жақсы күйеу — ұлыңдай.

Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.

Бетеге, жусан — бел көркі,
Білімді ұл, қыз — ел көркі.

Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара
Он бес жасқа дейін қосшыңдай сана,
Он бестен асқан соң досыңа бала.

Отыз ұлың болса да
Әрқайсысының орны басқа.

Арсыз болса — қыз қорлық,
Ақылсыз болса — ұл қорлық.

Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.

Жетесіз ұл жеті атасын қаздырар.

Ұлың өссе – ұлы жақсымен жақын бол, қызың өссе қызы жақсымен сыйлас бол.

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Байға құл болғанша,
Байғұсқа ұл бол.

Отыз ұлым болса да орны басқа.

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.


Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Ұлы бардың - ұрпағы бар.

Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.

Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті жаным десе болмас па.

Ұлың тентек те болса зор болсын.

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

Өзіңнен тумай ұл болмас.

Ұл - түтінге,
Қыз - күтімге.

Қазақ байдың ұлы болғанша,
Халық байдың ұлыбол.

Қызы мінезід келсін,
Ұлы өнерлі келсін.

Жетесіз ұл әкесіне тіл тигізеді.

Ұлың болса – от болсын,
От болмаса – жоқ болсын.

Атың жақсы болса — жолдың жырағы,
Ұлың жақсы болса — көңіл шырағы.

Қатын алсаң дардай,
Ұл туады – нардай

Ұлдың жаманы – ұйғақ,
Қыздың жаманы – қаңбақ.

Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.

Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.

Ұл баланың
Үй күшік болғаны жараспайды,
Қыз баланың
Қыдырма болғаны жараспайды.




KZ » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, ұл бала жігіт туралы мақалдар, ұл бала жігіт туралы мақал мәтелдер, ұл бала жігіт туралы мақал мәтел, ул бала жигит туралы макал-мателдер, пословицы на казахском языке про мальчиков, пословицы на казахском про мальчиков, ұлдар жігіттер туралы Мақал-мәтелдер Пословицы на казахском языке О мальчиках, ұлдар жігіттер туралы Мақал-мәтелдер, Пословицы на казахском языке О мальчиках, Қазақша Мақал - Мәтел: ұл бала, ул бала жигит туралы казакша макал, ұл бала туралы мақал-мәтелдер, ұл бала туралы мақал-мәтел, жигит туралы макал мател, ер жигит туралы макал мател, жігіт туралы мақал мәтелдер, жігіт туралы мақал мәтел, ул бала туралы макал мателдер, ул бала туралы макал мател, ұл бала туралы мақал-мәтелдер, ұл бала туралы мақал-мәтел, жигит туралы макал мател, ер жигит туралы макал мател, жігіт туралы мақал мәтелдер, жігіт туралы мақал мәтел, ул бала туралы макал мателдер, ул бала туралы макал мател, пословицы на казахском про, Қазақша мақал - мәтел: Ұл бала, ер жігіт макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы