Жеңіс жалауын желбірет
Құтжан Қымбат
Атырау облысы Қыэылқоға ауданы Миялы селосы
Б.Аманшин орта мектебі, 8 сынып
Жетекшісі: Қалдаяқова А.

1941 жылы 22 маусым күні таң ата фашистік Германия Совет Одағына тұтқылдан шабуыл жасады. Бейбіт өмір сүріп жатқан ел үшін бұл күтпеген оқиға болды. Соғыс кенеттен басталғандықтан, барлық еразаматтар алғашқы күннен бастап бір кісідей жұмылды. Олардың арасында бозбалалар мен бойжеткендер де болды. Олар өз еріктерімен майдан даласына сұранды.
Тылда да қызу жұмыстар жүріп жатты «Бәрі де майдан үшін , бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен аянбай, баладан еңкейген қартқа дейін еңбек етіп , өз үлестерін қосты. Майдан даласындағы жауынгерлерді азықтүлікпен, киіммен , техникамен қамтамасыз етті. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Ағаапаларымыз қазақтың қанға сіңген қасиеті-қайсарлық, батылдық , отансүйгіштігімен көзге түсті. Кеңес Одағының Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Маметова болды. Қазақтың қайсар қыздары жан аямай, ерлермен қатар соғысты.Жеңістің жалауын желбіретіп Рейхстагқа ту тіккендердің бірі- Рақымжан Қошқарбаев. Ал екі мәрте Кеңес Одағы батыры Талгат Бигелдинов - біздің мақтанышымыз. Жаудың тылында , партизандардың қатарында қазақстандықтар да шайқасты. Солардың бірі партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін, табандылығын білмейтін қазақ жоқ шығар.Елдік пен ерлікті паш еткен қазақстандық батыр аға-апаларымыздың ерлігі - біз үшін әрі үлгі, әрі мақтаныш.
Менің туған ауылым Қызылқога жерінен де талай азаматтар соғысқа қатысты. Үлкендердің айтуы бойынша , бір үйден 3-4 адам қатар соғысқа аттанып, бір қатарынан « қара қағаз» келіп, бір қатары хабар- ошарсыз кеткен. Нағашы әжемнің анасының айтуы бойынша , оның үш қайнысы соғысқа аттанып, үшеуі де хабар - ошарсыз кеткен екен. Ең кіші қайнысының аты- Байеділ, соғыстан аяғынан жараланып келіп, қайтадан өзі сұранып майданға кетіп, содан кейін хабарсыз кеткен. Осы сияқты, не өлгені, не тірі қалғаны белгісіз, талай боздақтар елге оралмай, бір үйдің түтіні түгел сөніп, ұрпақсыз қалғандары қаншама?!Әкесінен айырылған бала, баласынан айырылған ана, жарынан айырылған жесір келіншек,ағасынан айырылған қарындас,түтіні өшкен ошақ ....Соғыстың әңгімесі таусылмайтын тарих. Бізге ертегідей естілгенмен, бұл соғыстың халыққа салған зардабының ауырлығы соншалықты, кинодан көріп, кітаптан оқып отырып, енді мұңдай сұмдық оқиғаның қайталанбауын тілейсің.
Міне, 2016 жылдың 9 мамырында Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тойлағалы отырмыз. Әрине, Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Соғыстың әңгімесін бір парақ бетке сыйдыру мүмкін емес. Сол сұрапыл соғыста, майдан даласында, 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Бұл соғыстың зардабын ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс. Батыр аға- апаларымыздың ерліктері мәңгі есімізде сақталады. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне басымызды иіп, құрметтеу- біздің міндетіміз. Бүгінде біздің бейбіт өмір сүріп жатқанымыз солардың арқасы. Мен соғысты көрген жоқпын. Мен кітаптан оқып, кинодан көргенімді, ата –анамнан естігенімді жазып отырмын. Шығармамды аяқтай келе, аспанымыздың әрқашан ашық болып, көгімізде ақ көгершін қалықтағанын қалаймын.
Жауды- жеңіп табанға сап Жермен- жексен еткен ерім, Қуан , қуан, кулші сақ- сақ , Шын жеңіске жеткен елім!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?