» » » Шығарма: Қарттарым амансау болғай!

Шығарма: Қарттарым амансау болғай!

Шығарма: Қарттарым амансау болғай! казакша Шығарма: Қарттарым амансау болғай! на казахском языке
Қойбағарова Ақтолқы

Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе? Биыл — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 71жыл толмақ. 1941жыл 22 маусым — барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. 1941жылдың дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110400 жылқы, 16200 арба жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941—1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам — Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар — Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы — мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі — қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі — Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын жайғастырылды, 532506 адам көшірілді. Оған қоса, жаңа өнеркәсіптік нысандардың құрылыстары жеделдетілді. Соғыстың алғашқы 1,5 жылында Қазақстанда 25 кен орны мен шахта, 11 кен байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кеніші мен Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.
Темір жол құрылысы жалғасты. 1942—1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола –Магнитогорск желілерінің құрылысы аяқталды. Соғыс жылдары Қазақстан жалпыодақтың мыс құймасының 30 пайызын, марганец кенінің 60 пайызын, мыс кенінің 50 пайызын, металл висмуттың 65 пайызын, полиметалл кендерінің 70 пайызын, мырыш өнімінің 85 пайызын берді. Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді, сондықтан да соғыс жылдары әрбір 10 оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды. Республикада танк және ұшақ жасауға ақша жинау қозғалысы жүрді. 1941 жылдың күзінде Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы(ВЛКСМ-БЛКЖО) атындағы танк дивизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды. Кейінірек халық қаражатына тағы 10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо катерлер мен атаулы ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3 миллион рубль жинап берді.
Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қазақстанға Полвольжеден жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды. 1942—1944 жылдары 507 мың балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың қырым татарлары күшпен жер аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып аты. Әскери госпитальдердің көбісі Алматыда құрылды.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 1710 қала және 70 мыңнан астам селодеревнялар, 31850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4100 теміржол стансасы, 36 мың пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. 40 мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойылып жіберілген, тоналған. Бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.
Соңғы жылдары ҰОС ардагерлеріне деген құрмет пен сый-сияпат артып келеді. Дегенмен де, олардың ешқайсы да жүректегі жараны жаза алар ма?... Бір әттеген-айы, сол сыйлар мен құрметтер (пәтер, көлік және т.б.) ардагерлеріміздің «қауқары» бар кездерінде берілгенде ғой, шіркін... «Ештен кеш жақсы»-демекші, қандай құрмет болса да орынды-ақ! Қарттарым амансау болғай!...


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 25 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық
Шығармалар жинағы
Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық
Шығарма: "Мәңгілік алау" мемориалы
Шығармалар жинағы
Шығарма: "Мәңгілік алау" мемориалы
Шығарма: Сұм соғыс еш болмасын!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сұм соғыс еш болмасын!
Шығарма: Неменеңе жетістің бала батыр...
Шығармалар жинағы
Шығарма: Неменеңе жетістің бала батыр...
Шығарма: Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”
Шығармалар жинағы
Шығарма: Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”
Шығарма: Ең ауыр күндер
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ең ауыр күндер
Шығарма: Халқымның жарқын болашағына сенемін
Шығармалар жинағы
Шығарма: Халқымның жарқын болашағына сенемін
Шығарма: Есімізде сақтаймыз мақтанамыз!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Есімізде сақтаймыз мақтанамыз!
Шығарма: Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні
Шығарма: Барлығы Жеңіс үшін!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Барлығы Жеңіс үшін!
Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығарма: Өшпес ерлік өлмес мұра
Шығармалар жинағы
Шығарма: Өшпес ерлік өлмес мұра
Шығарма: Соғыс жылдары
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс жылдары
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығарма: Ерлік жырын жырлаймыз !
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік жырын жырлаймыз !

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Қарттарым амансау болғай! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Карттарым амансау болгай! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қарттарым амансау болғай!, , Шығарма: Қарттарым амансау болғай! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы