Қой туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 72
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 45
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 4
Аңыздар: 2

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды
©  Самет Оқанұлы
Той қумастан қой қуғай,Қой қумастан тай қуғай,Тай қумастан ой қуғай.
©  Жәди Шәкенұлы
Төрт түліктің төрелігі
  Күндердің бірінде төрт түліктің арасында “ мінез-құлық бағалауы болады екен ” деген сөз тарапты. Мұны естіген барлығы да өз жақсылықтарын ауыз..
©  Жәди Шәкенұлы
ҚОЙ
Қоңыр-қоңыр қойларым,Неге аласа бойларың.Кішілікпен күн көріп,Сабырлықты ойладың.Қабат-қабат тоның бар,Тоңбайтұғын жөнің бар.Таймайтұғын тұяғың,Тау..
©  Жәди Шәкенұлы
Құзда қар ерімес,Қойда май ерімес.
©  Түркі халықтары
Үстірт қойы (Муфлон)
Жабайы бұл аңның«Туысы» – қой болар.Мия шөп, жусандыСүйсіне жейді олар.Мүйізі нəн болар,Қой менен қошқардай.Аңқау аң жем боларБүркіт пен қасқырға.
©  Нұртан Төлепбергенұлы
ҚОЙ МЕН ӨГІЗ ЖƏНЕ ТҮЙЕНІҢ ДАУЫ
Өгіз бен Қой қастарына Түйені ап,Келе жатқан тау етегін қиялап.Ойда жоқта алды достар шөп тауып,Бір арқан шөп жол бойында жатты..
©  Жəлалəддин РУМИ
ҰРЛАНҒАН ҚОЙ ХАҚЫНДА
Бір азамат келе жатқан,СоңындаБір семіз қой, болар сірə, соғымға.Қас пен көздің арасында оның даКөзі құрып,Жіп-ақ қалды қолында.Қара жүрек болса..
©  Жəлалəддин РУМИ
Қойшы жыры
Мен қойшымын елге есімі ұғымсыз,Өмірді білмеймін еш ұғымыңсыз.Үрейлі түндерде күзетте тұрам,Ғарыштарға да тесіліп үнсіз.Айқайдан тау мен жаңғырады..
©  Ахат ӘШУҰЛЫ
Қожанасырдың қой сойып алуы
 Қожекең көшеде адасып жүрген бір қойды үйіне әкеп сойып алады және оны сыр қып бір жолдасына айтады. Жолдасы Қожекеңе «кияметке барғанда не деп..
©  Қожанасыр хикаялары
ҚОЙ БАСҚАРҒАН ҚАСҚЫРЛАР
Қауымдықта шаншылған әр құлпытас –Бабалардың қайыспас тұлғасындай.Мұнда жатыр ерлік пен ерендіктіңҒұмырлары, ұзарған мың ғасырдай.Өрлік, ерлік бойына..
©  Айсырға Қилыбаева
Түсінде қой көрсе—амандық болады, себебі қойдың басынан аяғына дейін пайдалы хайуан.
©  Түс жору
Үйір-үйір жылқым бар, қора-қора қойым бар...
Үйір-үйір жылқым бар, қора-қора қойым бар,Тау тасынан тағы көп қаптап өрген табындар.Деп соғады кеудесін кедей-кепшік жандарға,Тоқ ішегі майланып..
©  Төлеген Жанғалиев
Қой көрсе—дәулет ниғматы артады.
©  Түс жору
Қойдың тілін қасқыр неге ұқпайды...
Қойдың тілін қасқыр неге ұқпайды,Алма ағашқа өрік неге шықпайды,Алма дейді неге оны?Әдемі алма неге жылдам құрттайды,Залымды әділ неге жылдам..
©  Ақылбек Шаяхмет
Егер кісі түсінде қой көретін болса—онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.
©  Түс жору
Қой – жәннаттың малы екені белгілі...
Қой – жәннаттың малы екені белгілі,Жылқы – елшінің пырағы, Һәм дүлдүлі.Сиыр сүтін қанып ішкен пайғамбарТүйе мініп жүргендігі белгілі.Тыңдағандар..
©  Ақылбек Шаяхмет
Егер кісі түсінде (азды-көпті) қой көрген болса—онда ол барша тілектеріне жетеді.
©  Түс жору
Қой
 Қорасында маңыраған,Қозысымен жамыраған,Қозысынан айырылса,Қоймай ұзақ аңыраған.Аппақ, қою сүті бар,Ақ шағала құрты барАқтылы қой жануар!
ҚОЙ КҮЗЕТIНДЕ
 Бұл маңда кеше ғана жұқа қар жауып өткен. Бiр отар қойды алдында салып мынау екi үй көшiп келгенде, маңырап-боздап қозыларынан айрылған саулықтардың..
©  Ұзақбай Доспанбетов
Қой анасы бар жерде, сонда қозы да бар.
Жұт қырған қара қойын, қарасирақ.Жалаң аяқ, қыл мойын, қарасирақ. 
Бiлетiн бар кiм?«М» əрпiн,Қайсы жануарАйта алар айқын?(Қой, маңырап)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Он екi жыл – бiр мүшел,Ретiмен айт, жатқа.(Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешiн, Тауық, Ит, Доңыз)
©  Ескен Елубаев
Мұны есептеп болсаң нақ,Жиырма асығым болғанша,Атам қанша қой соймақ?(Алты қой)
©  Ескен Елубаев