Сандарға байланысты жұмбақтар туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 11

Ие жеке атқа,Он екi жыл – бiр мүшел,Ретiмен айт, жатқа.(Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешiн, Тауық, Ит, Доңыз)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Он екi ай бар бiр жылда,Ретiмен айт, жатқа.(Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Сəуiр, Мамыр, Маусым,Шiлде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Жетi күн бар аптада,Ретiмен айт, жатқа.(Дүйсенбi, сейсенбi, сəрсенбi, бейсенбi,жұма, сенбi, жексенбi)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Жетi ұрпағын адамныңРетiмен айт, жатқа.(Əке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Алты планета бар ғарыштаРетiмен айт, жатқа.(Ай, Күн, Марс, Сатурн, Юпитер, Шолпан)
©  Ескен Елубаев
7 керемет аттары
Ие жеке атқа,Жетi керемет бар жерде,Ретiмен айт, жатқа.(Хеопс пирамидасы, Олимпиадағы Зевс мүсiнi,Эфестегi Артемида ғибадатханасы,Родосс алыбы..
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Алты құрылық бар Жерде,Ретiмен айт, жатқа.(Азия, Африка, Еуропа, Америка,Австралия, Антарктида)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Бес саусақ бар бiр қолда,Ретiмен айт, жатқа.(Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек,шылдыр шүмек, кiшкентай бөбек)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Төрт маусым бар бiр жылда,Ретiмен айт, жатқа.(Көктем, жаз, күз, қыс)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Үш мезгiл бар бiр күнде,Ретiмен айт, жатқа.(Таңертең, түс, кеш)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Екi жарық бар аспандаРетiмен айт, жатқа.(Күн, Ай)
©  Ескен Елубаев