Қоян туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 21
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 24
Өлеңдер: 17
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 15
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 2

Сыбдырынан қамыстың,Сылдырынан ағыстыңҚорқып, бұғып, сасады,Сасып тұра қашады.(Қоян)
©  Серікбай Оспанов
Ие жеке атқа,Он екi жыл – бiр мүшел,Ретiмен айт, жатқа.(Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешiн, Тауық, Ит, Доңыз)
©  Ескен Елубаев
Құлағы бар есектей,Үлкендігі кесектей.(Қоян)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Тауға шықса, жүгірген,
Таудан түссе, сүрінген.

Жауабы: Қоян
Келеді бір перизат итке мінген,
Таяғын итке мініп итпелеген,
Артында ағараңдар ешкісі бар,
Ешкісін итке мініп жетелеген.

Жауабы: Қоян
Жапанның желдей жүйрiгi,
Жетедi көктiң бұйрығы.
Жеткенде бұйрық, апыр-ай,
Шошаңдай берер құйрығы.

Жауабы: Бүркіттің қоян алуы
Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

Жауабы: Қоян
Орғыған қорқақ көзі еді
Қыс пен жазда түрлі тон киеді.

Жауабы: Қоян
Тез өседі,
Көп жейді:
Сәбіз жейді,
Шөп жейді.
Құлақтары қалақтай,
Зытып берер жолатпай.

Жауабы: Қоян
Өзінше ноян
Қорқақ кім?

Жауабы: Қоян
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.

Жауабы: Қоян
Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде
Шошаңдайды құйрығы.

Жауабы: Бүркіттің қоянды алуы
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар білегім.

жауабы
Қоян - Ноян
Ішінде бар жылқысы,
Сыртында бар құлпысы.
Табанымен ит басқан,
Әр нәрседен көп сасқан.
Ши түбінде жемі бар,
Бишараның бас бармақтай меңі..
Байшағырдың түбінде балалап жатқан дуадақ.
Қос құлағы тас төбеде ұзын-ақ,
Сыбдыр сезсе жөнеп береді зымырап.
Қысты күні қалың қарлы кеуекте
Шөпті азық қып жатады біраз тыным ап.
Бір мақұлық сар даланы ен жайлаған,
Ит мініп, есек тіркеп, түйе айдаған.
Мұнымды зерек болса ойлап табар,
Тапқанша зерек емес жыл айналар.
Ит мінген,
Есек өңгерген,
Ешкі бөктерген,
Келеді бір мақұлық түйе айдаған.
Түйе тұмсық, ит табан,
Көзін жұмбай ұйықтаған.
Есек құйрықты, түйе ерінді,
Ит сирақты, бұғы құйрықты.
Тауға шықса жүгірген,
Таудан түссе сүрінген.
Аппақ қардай тоны бар,
Күдірейген жануар.
Жусаннан аласа, бетегеден биік.
Жолсыз жүгіреді,
Адамнан күшті,
Тепсе ізсіз,
Құлатса елеусіз.
Түйе тістеген,
Итті мінген.
Ешкіні жетектеген,
Есекті басына көтерген.