Түлкі туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Түлкі" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Түлкі" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Түлкі" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Түлкі" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 34
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 49
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 32
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Қарға мен түлкі
(И. А. Крыловтан)
Жұрт біледі, күледі,Сұрқия тілдің жаманын,Қошеметшілердің амалын.Сонда да солар қайда жоқ?Ептеп айтса, ересің,Артынан өкінсең де..
©  Абай Құнанбаев
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға,Тастан түлкі табылар аңдығанға.Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.Салаң етіп..
©  Абай Құнанбаев
Ертегі көп ол жайлы,
Жүрген жерін алдайды.
Қатысы бар ал оған
Білесің бе Мыржайды?

Жауабы: Түлкінің баласы
Ыржияды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі.

Жауабы: Түлкі
Бұлаңдаған құйрығы –
Бір алдарлық қулығы.

Жауабы: Түлкі
Алқызыл жоны түрленген,
Құйрығы шар үрленген.
Далада жортып жалтақтап,
Қулықпен күн көрген.

Жауабы: Түлкі
Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.
Бөрішіктің баласы бөрі алмаса да, түлкі алады.
Арыстанға түлкі айласы жараспас.
Заманың түлкі болса - тазы боп шал.
Бүркіт салсаң, алтайы түлкіден бөрік киерсің.
Көп жортқан қу түлкі,
Қолға түспей қоймайды.
Түлкі ініне қарап үрсе,
Түрінен айрылады.
Кешегі түлкі – бүгінгі күлкі.
Ініне қарап үрген түлкі түрінен айрылады.
Жүйрік тазыны түлкі ғана жек көрер.
Бір түлкінің терісін екі рет сыдырмайды.
Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?
Елде түлкі аштан өлмес.
Арыстандай күшің болса,
Түлкідей әдісің болсын.
Арыстан болсаң жау үшін,
Түлкідей болсын әдісің.
Түлкінің ақыр тоқтайтыны - ішік сатушы дүкенде.
Қайғылы кісі күлкі сүймес, ит жүйрігін түлкі сүймес.
Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.
Түлкі түгінен жазар,
Бай малынан жазар.