Таз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 9
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 2
Анекдот, әзілдер: 1

Тәжірибе-бұл таз болғаннан кейін алатын тарақ
Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
Құдай ұрар кісі қырық бірінде таз болады.
Таз тақиясымен таласар.
Жүйрік тазыны түлкі ғана жек көрер.
Егер тәуіп таз болса,
Алдымен өз басын емдер еді.
Таз адамға бұйра шашты ұнамас.
Жалақ кісі тілден жазар,
Таз кісі қолынан жазар.
Жақсы таз басын жасырмайды,
Жақсы әйел асын жасырмайды.