Еңбек туралы ✍️
Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 306
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 47
Өлеңдер: 135
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 165
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 20
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 10
Эсселер: 9
Еңбек күні келгенде
Еңбек күні келгенде, Бағаланар еңбегің. Еңбек етсең күн сайын, Шаттық болар көргенің.
© Еңбек күнi
Бағаланса еңбегің
Бағаланса еңбегің, Бақыттысың әрдайым. Еңбек күні қуанып, Жарқырайсың, жоқ уайым.
© Еңбек күнi
Еңбек етем жалықпай
Оқу білім бұлағы, Еңбекпенен келетін. Еңбек етем жалықпай, Жемісін көп беретін.
© Еңбек күнi
Еңбек етем өскенде
Оқып білім аламын, Ерінбей мен еңбекпен. Еңбек етем өткенде, Елді еңбекпен тербеп мен.
© Еңбек күнi
Еңбек берсін жақсысын
Еңбек еткен игі жан, Еңбек берсін жақсысын. Еңбек етсең ерінбей, Жарқырайды бағың шын.
© Еңбек күнi
Еңбек күні жайнаңыз
Еңбек күні жайнаңыз, Көріп еңбек жемісін. Еңбек барда адамдар, Бағалайды сені шын.
© Еңбек күнi
Еңбек біздің жанымыз
Еңбек біздің жанымыз, Жайнатқызар бағымыз. Еңбек күні қуанып, Шаттанамыз тағы біз.
© Еңбек күнi
Еңбексіз күн қараңғы
Еңбексіз күн қараңғы, Надан қылар адамды. Тағыдырыңды ауыр қып, Түсіреді бағаңды...
© Еңбек күнi
Еңбектен біз қашпаймыз
Оқу, білім бәрі де, Еңбекпенен келеді. Еңбек етсең, қызмет қып, Жемісін де береді.
© Еңбек күнi
Құтты болсын мерекең
Еңбек күні бүгінгі, Құтты болсын мерекең. Еңбек сүйгіш адамдар, Арта берсін берекең.
© Еңбек күнi
Еңбек берер жемісін
Еңбек етсең ерінбей, Кеңейеді кенішің. Еңбек күні қуантып, Сізге берер жемісін.
© Еңбек күнi
Еңбек керек бәріне
Еңбек керек бәріне, Жету үшін табысқа. Шығам десең биікке, Еңбек еткін, қалыспа.
© Еңбек күнi
Еңбек күні барында
Еңбек күні барында, Бағаланар зор еңбек. Еңбек етсек ерінбей, Жемістерін мол бермек.
© Еңбек күнi
Еңбек еткен жан ізгі
Құтты болсын мерекең, Еңбек еткен жан ізгі. Еңбегіңіз жанданып, Шуақ шашсын таң ізгі.
© Еңбек күнi
Еңбек күні ғажайып
Еңбек күні ғажайып, Қуанышын сыйлайтын. Бағаланып еңбектер, Бар жақсыны жинайтын.
© Еңбек күнi
Еңбек күні бүгінгі
Еңбек күні бүгінгі, Құтты болсын сіздерге. Жеміс беріп еңбегің, Қызымет ет ізгі елге...
© Еңбек күнi
Еңбегіңіз жанданып
Еңбек күні бүгінгі, Құтты болсын, тілеймін. Еңбегіңіз жанданыпАман-есен жүр деймін.
© Еңбек күнi
Бүгін еңбек күнінде
Қыркүйектің соңында, Есік ашты, қараңыз. Бүгін еңбек күнінде, Артсын еңбек бағаңыз.
© Еңбек күнi
Еңбек күні
Еңбек күні кеп қалды, Күндей болып жарқырап. Жансын дәйім еңбегің, Ағындайын арқырап.
© Еңбек күнi
Келсе егер өрлегің, Сылтауға жол бермегін! Еңбек етсең шығасың, Биікке өрлеп, қыратқа. Ісің алға баспайды, Жалқау болсаң бірақта... Наны тәтті..
© Жібек Ысқақова
Еңбек етсең жетесің, Өрлеп таудың шыңына. Шалыс бассаң құлайсың, Есте сақта мұны да...
© Жібек Ысқақова
Қолың жетер биікке, Еңбек етсең ерінбей. Білім ізде кітаптан, Жалқаулыққа берілмей.
© Жібек Ысқақова
Еңбек етсең тоқтамай, Биікке өрлеп шығасың. Ақылменен іс қылсаң, Өмір ғажап, ұғасың...
© Жібек Ысқақова