Ел туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ел" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ел" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ел" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ел" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 496
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 599
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 137
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 5
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 3
Поэмалар: 6
Шығармалар: 14
Аңыздар: 1
Эсселер: 14

Көпке топырақ шашпа.
Құдайға жазсаң жаз,—
Көпке жазба.
Ашыққан не жемейді,
Ашынған не сөйлемейді.
Жесір қатын ер болар,
Жетім бала ел болар.
Ел иесіз болмайды,
Сөз жүйесіз болмайды.
Әсем мінез аққуды
Айдын шалқар көлде көр.
Жаны сұлу аруды
Жадырай қонған елде көр.
Оттың қасынан от жақпа,
Елді бұзады.
Құдық қасынан құдық қазба,
Жерді бұзады.
Жетесіз бала «жерден алдым» дейді,
Жетілген бала «елден алдым» дейді.
Жемісті ағаш,
Жерге иіліп тәжім етеді.
Жетелі жігіт,
Елге иіліп тәжім етеді.
Екі елді жол қосады,
Екі адамды қол қосады.
Ел аралаған — сыншы болар,
Орман аралаған — үйші болар.
Ел-жұртыңның қадірін
Іс түскенде білерсің
Сары тонның қадірін
Қыс түскенде білерсің.
Ынтымақ — елдікке жеткізер,
Елдік ерлікке жеткізер.
Болмас елдің баласы
Бірін бірі табалар.
Болар елдің баласы
Бірін бірі ағалар.
Құт қонған елде
Қыдыр қыдырып жүреді.
Баласыз болса — ел сарқылады,
Бұлақсыз болса — көл сарқылады.
Ынтымақ елді — оздырар.
Күндестік елді — тоздырар.
Елін елсінбеген,
Жерін жерсінбеген
Жат жұрттың аяғын жалар,
Саяғын бағар.
Қырқында қыр аспаған,
Елуінде ел аспас.
Ел артындағы шаң жұтады,
Ел алдындағы май жұтады.
Кер кеткеннің сақалы
Кеңірдегінен шығады.
Өз елінде барқадар таппағанның,
Өзге елде жүйрігі шаппайды.
Көл жайлаған үйрек-қаз
Шөл қадірін білмейді.
Шөлде өскен бұлдырық
Көл қадірін білмейді.
Тауда туып, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен
Ел..
Қисық арба жол бұзар,
Қыңыр жігіт ел бұзар.
Елге жақсы қылығың —
Елдің іші тынымың.
Елге жақпаса қылығың
Үзіледі жұлының.