Сөз туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Сөз" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Сөз" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Сөз" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Сөз" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 516
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 497
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 213
Құттықтау, тілектер: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 3

Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.
Сөзі ырайлының —
Жүзі шырайлы.
Аузын бағып айтқанның — аузы күймес,
Отын бағып жаққанның жеңі күймес.
Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.
Аңғал сөйлеп, аспа,
Ойланып ал, саспа.
Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойныңа оралады.
Бір сом беріп жырлатып,
Мың сом беріп қойғыза алмапты.
Тілі бардың
Тіріде ақысы кетпейді.
Орақты ора білмесең,
Қолыңды кесерсің
Сөзіңді сөйлей білмесең,
Жолыңды кесерсің.
Жатып сөйлеген
Жігітке жараспайды.
Сөйлей білмеген кісіден,
Үре білген ит артық.
Жол жайын білмесең,
Жүргеннен сұра.
Сөз жайын білмесең,
Білгеннен сұра.
Тамақты асығып ішпе
Түйілерсің.
Сөзді асығыс сөйлеме,
Күйінерсің.
Тіл алмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.
Жорытсаң, жол аларсың,
Жолықсаң — сөз аларсың.
Қолың ұста болсын,
Сөзің қысқа болсын!
Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.
Отқа келген келіннің
Отыз ауыз сөзі бар.
Тез қасында қисық ағаш жатпас,
Бек қасында бейбақ сөз айтпас.
Өлеңді қосылып айтқан жақсы,
Сөзді тосып айтқан жақсы.
Байламсыз сөз
Баусыз — шелек.
Найзалассаң найзалас,
Тіл найзаңмен түйреме
Тіл найзаңа түйреп ап,
Олай-бұлай сүйреме.
Көптің сөзі — темір талқы,
Қисайғанды түзетер.
Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.
Аузына әлі келмеген мылжың,
Айтар сөзінен адасады.