Әйел туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Әйел" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Әйел" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Әйел" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Әйел" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 36
Мақал-мәтелдер: 178
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 224
Нақыл сөздер: 159
Құттықтау, тілектер: 25
Туындылар: 1
Әңгімелер: 112
Ертегілер: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 26
Аңыздар: 2
Эсселер: 2
Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.
Байсыз әйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Жаман әйел байына
Жалғыз атын сойғызар;
Жақсы әйел жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.
Жалғыз атын сойғызар;
Жақсы әйел жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.
Қатын бастаған көш оңбас.
Алтын басты әйелден,
Бақыр басты еркек артық.
Бақыр басты еркек артық.
Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.
Әйелдің күші жоқ, айласы көп.
Екі әйел басы қосылса,
Үшінші әйелдің соры.
Үшінші әйелдің соры.
Әйел ашуланса, екі көзіне әлі келеді.
Заман бұзыларда әуелі әйел бұзылады.
Әйелі азған елдің ертеңі жоқ.
Бірінші әйел – шекер,
Екінші әйел – бекер.
Екінші әйел – бекер.
Ері өліп ерге тисе – елдің жорасы,
Ері тұрып ерге тисе – беттің қарасы.
Ері тұрып ерге тисе – беттің қарасы.
Әйелдің абыройы – дақ түспеген ары.
Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.
Ерін баққан әйел елін де бағады.
Жақсы әйел – жарты иманың.
Жаман әйел төсегінен белгілі,
Жаман жігіт есебінен белгілі.
Жаман жігіт есебінен белгілі.
Инабатты болса әйел,
Өнегелі болса бала көрікті.
Өнегелі болса бала көрікті.
Әйелді бастан, баланы жастан.
Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын,
Ойлап талдайды.
Ойлап талдайды.
Ерге жаққан қатын елге де жағады.
Жақсы әйел жарының жақсылығын асырар,
Жамандағын жасырар.
Жамандағын жасырар.
Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.
Баланың ақылын жетімінде байқа.
Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.
Әйелінің қадірін білмейді.