Құс туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Құс" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Құс" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Құс" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Құс" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 127
Жұмбақтар: 23
Тақпақтар: 48
Өлеңдер: 244
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 17
Туындылар: 4
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 12
Шығармалар: 3
Аңыздар: 7

Тауық құсқа ұшу жоқ.
Там үйлерге көшу жоқ.
Сулы жер, нулы жер —
Құс біткенге туған жер.
Сұрама құстың қайда екенін, сұра сайрағанын.
Құс өз жемінен өзі қақалмайды.
Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
Бұралқы ит үріп жағынады.
Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.
Ит иттігін қылмай қоймас.
Итке ит жерошақтың басында ұшырасады.
Ит жемес асынан дәметеді.
Қазаныңнан қақпақ кетсе,
Иттен қанағат кетер.
Қасқырлы жердің елі айтақшыл.
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
Ит баласы жырымға қарайды,
Құс баласы қырымға қарайды.
Саятшылық сабырлыға жарасар.
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.
Алпыс қарсақ ат болмас.
Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл.
Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді.
Құлан қырда, құндыз суда.
Құстың қуы сауысқан.
Өлі бөріден ит аттамас.
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
Ел қонбай, ит тынбас.
Жетектеген төбет қораға үрмес.
Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.