Бай туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 118
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 86
Нақыл сөздер: 46
Туындылар: 1
Әңгімелер: 73
Ертегілер: 7
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 21

Бай мақтанса, май табылар,
Жоқ мақтанса, не табылар.
Бай мен бай құда болса, жорға жүрер,
Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер,
Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер.
Бай мінеді бір ат,
Жарлы мінеді бір ат.
Жазғытұры болғанда,
Бай мінеді құр ат.
Байдан сыралғы, батырдан сауға.
Байды мал басар,
Жарлыны бала басар.
Байдың асын байғұс қызғанар.
Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.
Байдың малы теңіз,
Ептеп жемеген доңыз.
Байдың мың қойының ішінде
Жарлының жалғыз қара тоқтысын көреді.
Байдың ісі пәрменменен,
Жарлының ісі дәрменменен.
Әулиенің кереметі тартар,
Байдың несібесі тартар.
Бай барын бермес,
Жоқ қарап тұрмас.
Бай болған кісі бақырып бола ма.
Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.
Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң, менмендікке бастама.
Ақыры байдың баласы аштан өлер.
Байды бәлекет басса, жортуыл бастайды.
Бір байдың жұртына екі тышқан таласыпты.
Баста ұтқан байымас,
Кейін ұтқан танымас.
Бар барын айтады,
Жоқ зарын айтады.
Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.
Бай малайдың парқын білмейді,
Бәйбішесі артық тілдейді.
Жарлымен жауласқанша,
Баймен барымталас.
Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.