Денсаулық туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 138
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 13
Нақыл сөздер: 68
Туындылар: 4
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 4

Ауруын жасырған өледі.
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Тазалық. — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
Көзің ауырса, қолың тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар,
Алыс жерде көп жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар.
Ауырып тұрдың,
Аунап тұрдың.
Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.
Керең — адамның аузына қарар,
Соқыр — кісінің дауысын бағар.
Тыймаған ауызда пәле бар.
Туа мүкіс жазылмас.
Тұмау аяғы— құрт,
Тұман аяғы— жұт.
Аш кісі — ұрысқақ,
Ауру кісі — тырысқақ.
Басы ауырып,
Балтыры сыздамағанның
Ештеңемен ісі жоқ.
Тұр-тұрдан хабар келсе,
Ұйқыдан маза кетеді.
Басы аманның — малы түгел.
Бар болғанда бағаламаймыз,
Жоқ болса, ауырамыз.
Спорт ненің кепілі?
Басты байлық не нәрсе?
Бақсы көрінсе, дерт қозады,
Ұста көрінсе, таға тозады.
Денсаулық — зор байлық.
Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.