Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Класта ақ бор бар,Көк бор бар,Көп бор бар.
Ян-ян-янЖүгіріп жүр қоян.Ян-ян-янБұл қоян емес, шаян!
Электр шамы жанады,Этаждар жымың қағады.Электр жарық бермесе,Экран сөніп қалады.
Сұрап МұратКоньки тап.Байлап майлап,Аттай шап.
Іске тіл ілесе алады,Тілге іс ілесе алмайды.
Үш кіші ішік піштім,Бес кіші ішік піштім,Неше кіші ішік піштім?
Ықылас пен ЫбырайЫдыстарын тасымай,Ырыскүлден үлгі алмай,Ынтасыз жүр тілді алмай.
Съезд, разъезд, подъезд.Подъезд, съезд, разъезд.Жаттап ал тез.
Ащы жеген Тазша баланың аузы ашыды,Тазша бала тұщы сумен аузын шайды.
ШынтемірШықпен шыланған шөпкеШыңдалған шалғысын шық еткізді.
Сатып алды чемпион чемодан.Чемодан алған чемпион чек алған.
Циркте ойнар аюдыЦиркаш десем, күлесің.“Ц” әрпінен басталғанЦемент сөзін білесің.
Қаһарлы айдаһарШаһарға келіп,Қаһарланар.
Хан баласы ханзадаБолды ғашық ханшаға.Алып ханнан хабар,Ханшайымды табар.
Пай-пай-пай,Жайылып жүр тай.Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.
Инелік илеуде иленбейді.Итбалық итмұрынды иіскемейді.
Зура зурнада ойнайды,Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,Зара да, Зере де зурнада ойнайды.
Жаға жай,Жағажайда – Қамажай.Жағажайды жағалай,Жүгіреді Қамажай.
Ескекті ескекші еседі,Ескекші ескекті еседі.
Доп деп,Дөп теп.
Қайрат қайрақ қайрап отыр,Дайрақпен балта қайрап отыр.
Бір қыз кесте тікті,Кестесін түсте тікті,Кеште тікті.
Көпке бекер өкпелеме,Өкпе етпе,Тектен - текке өкпелетпе.
Тары ақта,Тары ақтап,Қапқа қапта.
Қанар қаптарды қаптап артар,Шанақ арбаны аттар тартар.