Ғарышкерлер күні туралы Тақпақтар ✍️
Тақпақтар: 27
Өлеңдер: 10
Құттықтау, тілектер: 17
Әңгімелер: 6
Шығармалар: 3
Эсселер: 2
Ғарышкерлер жырымыз
Әнге қосып айтатын, Ғарышкерлер үніміз. Өлең етіп жазатын, Ғарышкерлер жырымыз.
© Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күнінде
Ғарышкерлер күнінде, Әнді айтайық, билейік. Ғарышкерді құрметтеп, Мақтан етіп жүрейік.
© Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні бұл
Бүгін шаттық, мереке, Ғарышкерлер күні бұл. Құтты болсын баршаға, Келіп жеткен ұлы күн.
© Ғарышкерлер күні
Құтты болсын, мерекең
Ғарышқа ұшқан ағалар, Құтты болсын мерекең. Дендеріңіз сау болып, Арта берсін берекең.
© Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер жасасын
Ғарышқа ұшқан ғажайып, Ғарышкерлер жасасын. Қабыл етсін Жаратқан, Қариялар батасын.
© Ғарышкерлер күні
Айдыны ол қазақтың
Үшінші ол Ғарышкер, Ғарышқа ұшып ерлеген. Айдыны ол қазақтың, Жақсы ісімен тербеген.
© Ғарышкерлер күні
Талғат елдің мақтаны
Талғат елдің мақтаны, Екінші ұшқан Ғарышқа. Талғат рекорд орнатты, Үш рет ұшып Ғарышта.
© Ғарышкерлер күні
Тоқтар біздің Ғарышкер
Ғарышқа ұшқан ең алғаш, Тоқтар біздің Ғарышкер. Бір апта боп ғарышта, Зерттеу еткен намысты ер.
© Ғарышкерлер күні
Он екінші сәуірде
Он екінші сәуірде келетін бұл, Ғарышкерлер күні бұл құтты болсын! Жасай берші Ғарышкері қазағымның, Денің сау боп, үйіңе ырыс толсын!
© Ғарышкерлер күні
Ғарышқа ұшар Ғарышкер
Ғарышқа ұшар Ғарышкер, Тоқтар, Талғат, Айдын ол. Еліміздің мақтаны, Салған олар дара жол.
© Ғарышкерлер күні
Мақтанышы елімнің
Мақтанышы елімнің, Ғарышкерлер айбынды. Мен де солай боламын, Мерейі асқақ, айбыны.
© Ғарышкерлер күні
Жауынгердей мықтылар
Сапар шеккен ғарышқа, Тоқтар, Талғат, Айдыным.Жауынгердей мықтылар,Ойлар елдің жайлығын.
© Ғарышкерлер күні
Мен де батыр баламын
Ғарышқа ұшар аттанып, Мен де батыр баламын. Тоқтар, Талғат, Айдындай, Ғарышкер мен боламын.
© Ғарышкерлер күні
Мен ғарышкер боламын
Тоқтар, Талғат ағадай, Мен Ғарышкер боламын. Ғарышқа ұшып Айдындай, Қанат жайып қонамын.
© Ғарышкерлер күні
Ғарышкерді білеміз
Ғарышқа ұшқан қазақтан, Ғарышкерді білеміз. Тоқтар, Талғат, Айдын деп, Айтып, мақтап жүреміз
© Ғарышкерлер күні
Тоқтар аға ғарышкер
Тоқтар аға ғарышкер, Батылдығы бір бөлек. Елден ұшқан ең алғаш, Көш бастайтын ер бөлек.
© Ғарышкерлер күні
Бір ерекше жан олар
Ғарышқа ұшқан тайсалмай, Бір ерекше жан олар. Батылдығы келіскен, Жүрек жұтқан мықтылар.
© Ғарышкерлер күні
Мақтанышы қазақтың
Сапар шеккен ғарышқа, Мақтанышы қазақтың. Тоқтар, Талғат, Айдыным, Үштік ұлы қазақтың.
© Ғарышкерлер күні
Тоқтар, Талғат, Айдыным
Ғарышкері қазақтың, Тоқтар, Талғат, Айдыным. Ғарышкерлер жасай бер, Мерейі артып, айбының.
© Ғарышкерлер күні
Мақтанышы қазақтың
Ғарышкерлер мықтылар, Мақтанышы қазақтың. Ғарышқа олар сапарлап, Сыйлай білді ғажап күн.
© Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер жүректі
Сапар шеккен ғарышқа, Ғарышкерлер жүректі. Зерттеулерін жүргізген, Сыбап алып білекті.
© Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер мықтылар
Ғарышқа ұшып ерлеген, Ғарышкерлер мықтылар. Ғарышкерлер жасасын, Ғарышқа ұшып үн қылар.
© Ғарышкерлер күні
Айдыны бар үшінші
Сапар шеккен ғарышқа, Айдыным бар үшінші. Мақтанышы қазақтың, Ғарышкерлер түсінші.
© Ғарышкерлер күні
Талғат Мұсабаев
Ғарышқа ұшқан екінші, Қазағымның жерінен. Мұсабаев Талғат ол, Бірге әркез елімен.
© Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер қазақтың
Гагариннің ізімен, Сапар шеккен ғарышқа. Ғарышкерлер қазақтың, Зерттеу қылған ғарышта.
© Ғарышкерлер күні