Қаз дауысты қазыбек би туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 3

Қазақ деп соққан жүрегі
Қазыбек би атамыз ол, Қазақ деп соққан жүрегі. Қазағым үшін айтылар, Даты мен және тілегі
©  Жібек Ысқақова
Үш жарым ғасыр болыпты
Қазыбек би атамызға, Үш жарым ғасыр болыпты. Қазақтың қайсар биі үшін, Әр жүрек жырға толыпты.
©  Жібек Ысқақова
Бізге оның аты аңыз
Орта жүздің биі ол, Қазыбек би атамыз. Шешендікпен үндеген, Атамыздың аты аңыз.
©  Жібек Ысқақова
Қазыбек би атамыз
Қазыбек би атамыз, Жүрегінде жалын бар. Сөзбен бәрін шешетін, Өн бойында дарын бар.
©  Жібек Ысқақова
Қаз дауысты атамыз
Қаз дауысты атамыз, Қорықпаған ханнан да. Ақылдықпен ой қозғап, Шыға білген заңғарға.
©  Жібек Ысқақова