Би туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 33
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 77
Нақыл сөздер: 10
Баталар: 3
Туындылар: 2
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2
Шығармалар: 7
Аңыздар: 22

Қазақ деп соққан жүрегі
Қазыбек би атамыз ол, Қазақ деп соққан жүрегі. Қазағым үшін айтылар, Даты мен және тілегі
©  Жібек Ысқақова
Қазыбек бидей боламыз
Шешендікпен үн қатқан, Қазыбек бидей боламыз. Ақындықпен жырлатқан, Әділдікпен боп аңыз.
©  Жібек Ысқақова
Үш жарым ғасыр болыпты
Қазыбек би атамызға, Үш жарым ғасыр болыпты. Қазақтың қайсар биі үшін, Әр жүрек жырға толыпты.
©  Жібек Ысқақова
Бізге оның аты аңыз
Орта жүздің биі ол, Қазыбек би атамыз. Шешендікпен үндеген, Атамыздың аты аңыз.
©  Жібек Ысқақова
Руы арғын атамыз
Орта жүзден тараған, Руы арғын атамыз. Жеті жарғы заңына, Үнін қосқан атамыз. Дат сұраған ерлікпен, Ол — Қазыбек атамыз. Бүгінде оның аты аңыз, Еске..
©  Жібек Ысқақова
Дара туған атамыз
Шешендікпен үн қатқан, Дара туған атамыз. Он төрт жаста дат сұрап, Сөз сөйлеген атамыз. Кім десеңіз айтайын, Ол — Қазыбек атамыз.
©  Жібек Ысқақова
Мақтанышы қазақтың
Хандық дәурен кезінде, Би атанған атамыз. Орта жүздің биі ол, Қазыбек би атамыз.
©  Жібек Ысқақова
Қазыбек би атамыз
Қазыбек би атамыз, Жүрегінде жалын бар. Сөзбен бәрін шешетін, Өн бойында дарын бар.
©  Жібек Ысқақова
Қаз дауысты атамыз
Қаз дауысты атамыз, Қорықпаған ханнан да. Ақылдықпен ой қозғап, Шыға білген заңғарға.
©  Жібек Ысқақова