8 наурыз туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 113
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 1
Құттықтау, тілектер: 96
Баталар: 5
Әңгімелер: 10
Шығармалар: 12
Эсселер: 8

Аман болсын Анамыз
Аман болсын, Анамыз, Күндей жылу беретін. Мейіріммен біздерге, Маржан сөзін теретін.
©  8 наурыз
Сегізінші наурыз мереке
Сегізінші наурыз мереке,Құтты болсын Қазпғым. Мерекеде Анама, Ақ тілекті жазамын!
©  8 наурыз
Аналардың мейрамы
Құтты болсын бүгінгі, Аналардың мейрамы. Өзіңіз деп жан балаң, Бар жақсыны жинады.
©  8 наурыз
Ана деген атың бұл
Ана деген атың бұл, Қуантады біздерді. Мерекеңмен бүгінгі, Құттықтаймыз сіздерді.
©  8 наурыз
Аман болшы, Аналар!
Үн қататын мейріммен, Аман болшы Аналар! Жан көп болсын әрдайым, Аналарын бағалар!
©  8 наурыз
Көңіліңіз шаттана
Ақ тілекті арнайық, Анамызға біз ізгі. Мерекеңмен бүгінгі, Құттықтаймыз біз сізді.
©  8 наурыз
Аналардың барында
Аналардың барында, Жарқырайды жанымыз. Мерекеде ананы, Қуантайық бәріміз!
©  8 наурыз
Аналардың мейрамы
Сегізінші наурыздың, Сезіледі күй, бағы, Құтты болсын бүгінгі, Аналардың мейрамы.
©  8 наурыз
Анашым мерекесіне
Жан анам мерекеңіз құтты болсынКөңіліңіз әрқашанда нұрға толсынТілеймін ұзақ өмір, зор денсаулықЖанұямыз әрқашан да аман болсын?✍?
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне балаларға арналған тақпақтар жинағы
1) АнашымЖарқын жүзді анашым, Құтты болсын мерекең. Мерекеңде өзіңді, Әнге қосып тербетем.2) Жан анамЖүзі жылы жан анам, Сіздей болсын бар адам...
©  Жібек Ысқақова
Құтты болсын мейрамың
Құтты болсын мейрамың, Әжетайым, анашым. Әпкелерім, сіңілім, Апайларым бәрі асыл
©  8 наурыз
Мерекеден шет қалмай
Бүгін шаттық, мереке, Құттықтаймын сіздерді Наурыздың бұл сегізі, Қуандырар біздерді.
©  8 наурыз
Ерекше бұл мереке
Ерекше бұл мереке, Әр көктемде келетін. Анамызға, апайғаГүл шоқтарын беретін.
©  8 наурыз
Білім берер апайым
Құтты болсын мерекең, Білім берер апайым. Нұрын төгіп бұл көктем, Шаттаныңыз, жоқ уайым.
©  8 наурыз
Қане қарап тұрмайық
Мерекеде бүгінгі, Қане қарап тұрмайық. Анамызды, әпкені, Әнге қосып жырлайық.
©  8 наурыз
Сегізінші наурызда
Сегізінші наурызда, Айнала гүл жайнайды. Өзінің гүл бағында, Бұлбұл құстар сайрайды.
©  8 наурыз
Мерекеде ән салып
Билейікші достарым, Мерекеде ән салып. Мерекені тойлайық, Бар әлемге жар салып.
©  8 наурыз
Сегізінші наурыз бұл
Халықаралық мереке, Сегізінші наурыз бұл. Әнге салып, билейік, Қане досым, тұрмай құр.
©  8 наурыз
Бүгін мейрам, мереке
Бүгін мейрам, мереке, Кел билейік шаттана. Сегізінші наурызбен, Жүрейікші мақтана.
©  8 наурыз
Сегізінші наурыз
Сегізінші наурыз, гүл наурыз, Айтатұғын жыр наурыз. Қуанышпен тербейді, Мерекелі бұл наурыз.
©  8 наурыз
Мерекеңмен сіңілім
Сіңілім менің ерекше, Балдай тәтті тілі бар. Барша адамды баурайтын, Былдырлаған үні бар.
©  8 наурыз
Құтты болсын мерекең
Келіп жеткен бүгінгі, Құтты болсын мерекең. Әпкетайым аман жүр, Артып шаттық, берекең.
©  8 наурыз
Әпкетайым өзіңсің
Жанашыр жан біздерге, Әпкетайым өзіңсің. Қуантады біздерді, Еркелетер сөзің шын.
©  8 наурыз
Ақ жеңешем аман жүр
Еркелетер біздерді, Ақ жеңешем аман жүр. Мерекеде гүл жайнап, Ортамызда ойнап-күл.
©  8 наурыз
Әжетайым, жүрегім
Ертегі айтып беретін, Әжетайым, жүрегім. Жайнап әже, құлпырып, Жүрші аман, тілегім.
©  8 наурыз