Еңбек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Еқбеккердің ұйқысы аз.
Еңбек — адамның көркі,
Адам — заманның көркі.
Істің көзін таппағанның
Күші зая,
Еңбегі ештің
Істеген ісі зая.
Ең дәмді деп татқаның –
Еңбегіңмен тапқаның.
Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.
Еңбексіз ел кезгенің —
Ар-ұяттан безгенің.
Саудың асын ішіп
Аурудың ісін істейді.
Еңбегің болмаса,
Елге өкпелеме.
Ықтасының болмаса,
Желге өкпелеме.
Еңбекке ебі жоқтың,
Елдікке себі жоқ.
Жемісті жұмыс
Жаныңды тындырады.
Сауық құмарлық
Сағыңды сындырады.
Жіп үзілді – жүк шашылды.
Кәріге еңбек – көмек, көп ас – масыл.
Еңбексіз тапқан мал
Есепсіз кетер.
Шапқан озар,
Жатқан тозар.
Еңбектің наны тәтті.
Жалқаудың жаны тәтті.
Істеу қиын, сынау оңай.
Еңбек адамды бүтіндейді.
Жалқаулық адамды түтіп жейді.
Ер тынысы — еңбек,
Ез тынысы — ермек.
Есті бір өледі,
Еріншек мың өледі.
Жалқауға жатса да — мейрам,
Тұрса да — мейрам.
Берекесіз бейбақтар
Терлеп еңбек етпейді.
Терлеп еңбек етпеген
Тілегіне жетпейді.
Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір,
Еңбек ете білмейтін, аңқауға үйір.
Жалқаудың жұмысы өнбейді
Жаяудың жүрісі өнбейді.
Аузымен астау шапқан
Қолымен жаңқа жара алмас.
Еңбектен қашпа,
Ырысыңды шашпа.