Тағам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 223
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 7
Әңгімелер: 1

Тас,
Тасты жібітетін ас.
Аш ауыл
Айранды бұрын ішеді.
Қазаны басқаның
Қайғысы басқа.
Сиырыңды сырттатпай:
Сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.
Қыдырып жеген жанбастан,
Шақырулы жеген жауырын артық.
Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос босады.
Жылқының етін жесең,
Тісіңе кіреді,
Жемесең түсіңе кіреді.
Үркер туса сорпа да ас.
Сүйген құда,
Сүрінен сақтар.
Асы жоқ алтын аяқтан
Айраны бар, тостақ артық.
Талдырмаш таза айғырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Салулы ауыз
Сақтағаныңды жейді.
Қарның ашса, қазан ас,
Ет болмаса, сазан ас,
Сазан тамақ емес пе,
Сазанды жұрт жемес пе!?
Жайын құйрығын жеген — жатпас.
Қарны ашқан
Қараша үйге қабады.
Түскі асқа
Түстік жерден қонақ келеді.
Кешкі асқа
Күндік жерден қонақ келеді.
Бір ауылда бір үй аш болса,
Бар үй аш болады.
Аты бардың тынысы бар.
Асы бардың ырысы бар.
Беретін кісі келгенде,
Бес қайнайды қазаным;
Бермейтін кісі келгенде,
Көп қайнайды қазаным.
Аспаздың қарыны
Асқанына тояды.
Тоқшылықта жеген
Тоқпан жілік,
Ашаршылықта
Көзіңнен бір-бір ұшады.
Жаяудың сыбағасын
Атты жемес.
Ас — аз, ниет — көп
Отын — олжа,
Су — қорлық.
Өзі тоймағанның,
Сарқытын жеме.
Досыңның асын,
Қасыңдай іш.