Туыс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 158
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 47
Нақыл сөздер: 19
Құттықтау, тілектер: 16
Баталар: 3
Әңгімелер: 5

Ырыс қашса да, туыс қашпайды.
Асу-асу белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін,
Ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін.
Ағаның үйі - ақ жайлау.
Ағайының барда дұшпаным жоқ деме,
Абысының барда күндесім жоқ деме.
Малыңның жоқтығын ағайының білдіреді,
Қадіріңнің жоқтығын қатының білдіреді.
Ағайынды жігіттің кере қалыс жалы бар,
Жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар
Жыласуға жақын жақсы,
Сыйласуға жат жақсы
Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.