Ас туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 370
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 23
Баталар: 4
Әңгімелер: 13
Ертегілер: 1

Адам айдаса барман,
Дәм айдаса қалман.
Таспен атқанды аспен ат.
Асты түскен кезінде жейді.
Егінді піскен кезінде орады.
Тоймай ішсең,
Көршіңнің көңілін аулайсың.
Тойып ішсең,
Бұтаның түбін аулайсың.
Сүлейе тойған сұмдық түс көрер.
Шірігенге шыбын үйір.
Қымыз асын
Қыдырып ішсе де ерсі емес.
Сараң асын бермейді,
Көзінің жасын береді.
Соғым басы — елдің асы,
Наурыз асы — жердің асы.
Барында батып іш,
Құрт, майыңды қатып іш.
Ауырсаң айран іш,
Сіңірің түйілсе сүт іш.
Қонақ айтпай қонады,
Қоңсы айтпай кіреді.
Аштың көңілі ақ ұнда,
Тоқтың көңілі сағымда.
Гүл сабағымен қадірлі,
Ас табағымен жарасты.
Табақ асымен жарасты,
Кәрі жасымен жарасты.
Қарның ашса,
Қазаншының қасына отыр.
Ерке сөйлеп,
Етегін басып отыр.
Балдан тамады,
Бардан жұғады.
Жауын бар жерде
Қақтың қадірі жоқ.
Қауын бар жерде
Ақтың қадірі жоқ.
Тары түйіп көже асқан —
Тапшылықтың белгісі,
Кісен сап, ат байласқан
Сақшылықтың белгісі.
Еттің бәрі қазы болмас,
Иттің бәрі тазы болмас.
Ертеңгі асты өзің іш,
Түскі асты түстенгішпен бөліп іш,
Кешкі асты жиналып көбің іш.
Асықтың етін
Аштан өлсең де жеме,
Тобықтың етін,
Тойып отырсаң да тастама.
Тарысы бардың — тақаты бар,
Құрт, майы бардың — рахаты бар.
Қауыны бардың — сауыны бар,
Тілігі бардың — тынымы бар.
Айран ішкен құтылар,
Аяқ жалаған тұтылар.
Тауы жоқ болса, тасқа қорлық.
Жеушісі жоқ болса, асқа қорлық.