Той туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 57
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 230
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 7
Құттықтау, тілектер: 16
Баталар: 21
Туындылар: 6
Әңгімелер: 33
Ертегілер: 1
Поэмалар: 6
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 3

Түлкіні түлен түрткенде
Тойлы ауылға кездесер.
Той өткен соң дағара,
Жау кеткен соң дабыра.
Көппен көрген — ұлы той.
Қойды серке бастайды,
Тойды ерке бастайды.
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.
Той — ақындікі,
Көкпар — батырдікі!
Тойға барсаң, тойып бар,
Бар жұмысты қойып бар.
Таз таранғанша,
Той тарқайды.
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
Тойда тоныңды сұрама.
Той сылтауымен тон бітті.
Асқа барсаң — аш бар,
Тойға барсаң — тоқ бар,
Той қызығы — көкпар.
Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.
Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар.
Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.
Көңілдінің үйінде
Күнде мейрам, күнде той.
Ойда, қырда той мен ас,
Бөрісі ерке, иті мас.
Той көкпармен қызықты,
Ойын-сауық дос-жарыңмен қызықты.
Той шашуымен қызық.
Базарға теңгесі бар, барсын.
Тойға теңдесі бар, барсын.
Той тоянасымен қызық.
Бір күндік тойдың
Мың күндік өкпесі бар.
Тойлы ауылда тойлап тоймаған,
Ойнап тояды.
Бір тойда екі жар жоқ.