Өлеңдер ✍️

  27.09.2022
  337


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Сауға

365 күндегі,
Жер бетінде, жер астында,
Жесір қылған мұңды да,
Мұндар жылға- күн куә.
365 түндегі,
Жер бетінде, жер астында,
Болып жатқан қайғығаАноу жарық ай куә.
Қалқам,
Соны есіме алсам,
Саған алқа тағам деген,
Айға жазып атыңды,
Түсінбеймін әлгі біреу ақынды!
Қалқам,
Соны есіме алсам,
Сырға тағам деген саған,
Күннен үзіп моншағын,
Әлгі ақын да ақымақ па, соншалық?
Ал, мен саған,
365 күннен де,
365 түннен де,


Еш мұнара тұрғызбан.
Мен саған моншақ- моншақ көз жас
сыйлайыншы,
Ағып түскен жұлдыздан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу