Өлеңдер ✍️

  27.09.2022
  109


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Таң шапағы...

Таң шапағы,
Түсіріп есіме бір пәлсапаны.
Соңғы сөнген жұлдызға тост айттым,
Іздер деп жанса тағы!
Таңғы шықтай мөлдіреп жыр тұнығым,
Жыр тұнығым, кеудемнен бір сыр ұғын!
Мен онсыз да батыстан қайтып келем,
Енді олай сүйреме, Күнсұлуым!
Пойыз үні жүректің дүрсіліндей,
Саған бастап барады бір сүрінбей...
Мен жеткенше, күн батып, іңір сөнер,
Мені күтші, қалқатай, кірпік ілмей!
Бейуақ, сапар, қаңғыртты неше жерге,
Уақыт дейтін у тамды кеселерге.
Наркес гүлін құшақтап тұрам әлі,
Біз кездейсоқ кездескен көшелерде.
Ал мына жол бастар ма саған қарай,
Саған қалай, бұл өмір маған қалай?
Таң шапағы тағы әлгі пәлсапаны,
Түсінбейтін ақымақ адамдар- ай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу