Өлеңдер ✍️

  27.09.2022
  80


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Формула

Сүйейін деп сүймейді ғой пенде осы,
Бой бермейді- ау жұмыр етті кеудесі.
Сені маған арман қылып, ал саған
Оны арман ғып қойды тағдыр, ол несі?
Тоңдырады суық сөз бен тамшылар,
Үнсіздігім ең әдемі ән шығар.
Мен сияқты сені сүйген ес- түссіз,
Мені дағы сүйген бір жан бар шығар!
Ол түсінбей сенің мөлдір жасыңды,
Сен түсінбей менің мұңлы басымды.
Мен түсінбей оның үнсіз сүйгенін,
Кешеміз- ау, мағынасыз ғасырды...
Жек көруің ұнатқаның ол мәңгі,
Ұнатпашы, бұза көрме формаңды.
Мен де қатты жек көремін, өйткені
Мені сүйген сол жанды.
Көңілдес қып алған дейді түн айды,
Сондадағы маған сол түн ұнайды.
Сен оны ойлап, мен сені ойлап жатқанда,
Мені ойлап тағы біреу мұңайды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу