Өлеңдер ✍️

  26.09.2022
  95


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Жұбату

Ей, мұңлық, пақыр,
Сен жиі күрсінбе!
Жаңылта көрмеші кеудеңдегі өлі етті,
Дүрсілден.
Ол қайдан білер дейсің?
Ең жеңіл сөздердің де жаныңа бататынын,
Ең жылы жанардың да тереңіндеҒапыл мұң жататынын...
Ол қайдан білер дейсің?
Кафенің де халалы болатынын,
Тас жүректің де адалы болатынын,
Жақынның да жаманы болатынын,
Содан жанның қалтырап тоңатынын...
Ол қайдан білер дейсің?
Жайлау кешінің бір жұтым ауасындай
Сағыныштардың өмір сүретінін.
Үнсіздіктерден құралып сызылатынын
Көңіл суретінің.
Ол қайдан білер дейсің?
Алыстай бастаған көліктің немесе поездың,
Сағыныш аралына тізгінін бұратынын,


Сол көліктердің соңынан үнсіз ұзатып салып,
Іштей күбірлеп біреудің тұратынын...
Ол қайдан білер дейсің?
Оның ескі бір елестерден еркесін сұрайтынын,
Сол еркесі қалтырған елестермен,
Жиі кездесу ұнайтынын...
Сосын...
Мен қайдан білер дейсің?
Тағдырдың да осылай сынайтынын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу