26.09.2022
  258


Автор: Ұстаздар күні

Мектептегі ұстазым

Ең жақсысын үйреткен, білім беріп тербеткен, мектептегі ұстазым, білімді қып теңді еткен, — деп бүгін сабақ берген ұстазым жайлы жүрек жарды жазбамды жазғалы отырмын. Расында да, мектептегі ұстазымыздың біздерге білім беру жолындағы еңбектері орасан екені сөзсіз. Сынып жетекші ұстазымыздың біздер үшін жасаған еңбегі тіптен көп десем қате айтқаным емес. Сынып жетекшіден бөлек басқа да пәндерден сабақ беретін ұстаздарға да рахмет айтамын, еңбектеріңіз жансын деймін. Ал бірақ сынып жетекші ұстаздың орны бөлек. Оқушылардың суығы мен ыстығына төзіп, олар қуанса қуанып, мұңайса мұңая түсетін үлкен жауапкершілікті мойындарына алатын осы сынып жетекші болып табылады.
Сондай мектептегі ұстазым, сынып жетекшім — Жазира апайыма айтар рахметім көп, ұшан-теңіз. Ол бізді алақанда аялап, баптап, өсіріп, алтын ұя мектептен қанаттандырып өз қолымен ұшырған ізгі адам. Мектептегі ұстазым деп айтар болсақ бірінші болып есімізге осы сынып жетекші апайымыз түсетіні айтпасақта белгілі. Алда ұстаздар күні келе жатыр. Аяулы да ардақты ұстазым — Жазира апай! Сізді келіп жеткен осы мереке «Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын, деніңізге саулық тілей отырып, талай жылғы атқарған еңбегіңіз жана берсін деймін. Мереке мерекеге жалғаса берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу