Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  185


Автор: Олжас Сәндібек

Жалғыздық

Дос жоқ менде..
Таппайтын да шығармын,
Мұң шағамын кімдерге.
Жан дертімді дəл өзімдей ұғар кім?
Мұңсыз дейді ел күлгенге.
Батпандап кеп басыма бақ қонбаса,
Мына мені білмей кетсін білмеген.
Сырымды ұғар адал досым болмаса,
Мұң шағайын кімге мен?
Досым деген жылпосы мен сумаңын,
Көрдім неше сатқыны мен сайқалын.
Жүрегімді жарып шыққан жырларым,
Дəл сендердей дос жоқ екен байқадым,
Қара өлең саған мың алғыс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу