Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  531


Автор: Темірше Сарыбаев

CӘKEH TIPI

Сәкен тipi!
Әлі жүр Магаданда,
Оның жайы белгілі бар адамға.
Сол баяғы сүйріктей сұлу қалпы,
Көз тоймайды-ау көркіне қарағанда.
Сәкен тipi!
Сөнген жоқ жұлдыздары,
Түк те еткен жоқ Ciбipдің түнгі ызғары.
Оққа байлап тұрғанда ойда-жоқта,
Алып ұшқан аққу боп үр қыздары.
Сәкен тipi!
Аспан кең ұшар ұлға,
Көрдім мен де Делидің ұшағында.
Қара мұртын қияқтай таулай түciп,
Отыр екен...
Бip топ қыз құшағында.
Сәкен тipi!
Сенбеңдер жатқа ағайын,
Ақ бұғағы үлбіреп мақтадайын.
Қап-қара түн қойнауын жап-жарық қып,
Иман-нұрын төгіп тұр аппақ айым!
Сәкен тipi!
Қазақтай eлi барда,
Өлді деудің, айтыңдар, жөні бар ма?!
Ол көнбейді, ешқашан еңкеймейді,
Түскен де емес – қысыр дау, бөpi ылаңға.
Сәкен тipi!
Мәлім бұл – бар Алашқа,
Кім тоқтатар ақынды талабы асса?!
Көргендер бар Сәкенді күні кеше,
Қызылжарда,
Жаңаарқа,
Жалағашта!
Сәкен тірі!
Аулақ жүр, атан қайғы,
Жарық күнде жыр құлап жата алмайды.
Ол өлмейтін аңызым мәңгі менің,
Аңызымды ешкім де ата алмайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу