Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  155


Автор: Темірше Сарыбаев

СИРЕНЬГЕ САЯХАТ

Соққан бір желмен жайқалып,
Сирень де қазір тұр гүлдеп.
Қарымын жырмен қайтарып,
Иіскеймін тірі жүрмін деп.
Жұтамын саумал жұпарын,
Билейді бойды керемет.
Үзіп ап гүлдің бұтағын,
Біреуге сыйлап не керек?
Айтсаң да ақыл қонбаған,
Ұнатпан көптің кей ісін.
Тамсанып тақуа толғаған
Осындай шығар пейішің!
Бағала,
Сақта
Бұл бақты,
Қуат ал,
Сүйсін,
Мейірлен!
Бұзбай-ақ әсем ырғақты,
Арала адал пейілмен.
Ғұмыры, әттең, қысқалау,
Жастық қой, шіркін, гүл деген!
Біздің де бастан ұшқан-ау,
Қашқақтап қазір жүр менен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу