Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  92


Автор: Ақылбек Манабаев

БИІКТЕ

Маңдайымда сылқым күн,
Өрге қарай ұмтылдым.
Қасқа шыңға жеткенше,
Мың жығылып,
Мың тұрдым.
Асқарда тұрмын асқақтап,
Аңқылдап самал,
Қашты аптап.
Самұрық – бұлттар самғап кеп,
Саялап жатыр тасты аппақ.
Аунады мұз-қарына,
Қанат бітті жаныма.
Жақсы екен-ау шығатын
Биігіңнің бары да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу