Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  87


Автор: Танакөз Толқынқызы

Көзіңнен сенің еріген кезде тұмса қар...

Көзіңнен сенің еріген кезде тұмса қар,
Көңілім менің бұрқырап аңқып
бусанар.
Жапырақтар-ау, әлемнен жоқ
боп кетсеңдер,
Алақай айтып, алақандарын кім соғар?
Алақай айтып, алақандарын кім соғар?
Ойласам соны кеудемде құйын
құм соғар.
Мұзбалақ таулар өкпелеп кетсе
жер ауып,
Қай жаққа барып ғаріп бір кеуде
мұң шағар?
Күнің де жетер топырақ
көрпе қымтанар,
Көзіңді сенің жап-жарық
нұрмен тұмшалар.
Күн егер кенет сөнетін болса мәңгіге
Бір уыс сәуле қабіріме менің
кім салар?
Мәңгілік жасыл әлемді сонда тұл санар
Мәңгілік жайлы айпай бір
қойса шыршалар
...Жын соғар еді тазалық
жайлы ұмытып
Тап-таза аппақ болмаған болса
мұнша қар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу