Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  76


Автор: Танакөз Толқынқызы

Қыңыр-қисық тағдырыма жол салдың....

Қыңыр-қисық тағдырыма жол салдың,
Саған ғашық екенімді білсін кім?
Сен бойыңды тіктей алмай томсардың,
Мен еңсемді көтере алмай күрсіндім...
Ештеңе етпес, бұл түнді де тауысам,
Ерніңді емес, бармағымды тістеймін.
Сары гүлден сағынышқа ауысам,
Енді у ішіп, уысыңа түспеймін.
Өлдім!-дедім. Өлгеніме сенбеді...
Жоғалтқандар үшін ғана олжамын.
Сүйгеніңді түсінесің сен мені
Сан жылдан соң солқ еткенде
сол жағың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу