Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  130


Автор: Танакөз Толқынқызы

Лағылдай сезім өлгенше...

Лағылдай сезім өлгенше,
Лапылдап өзім көрейін.
Ішімде сөзім өлгенше,
Сөз үшін өзім өлейін.
Жан үшін дамылдағанша,
Жоғалып аңыз болайын.
Ар мені бауыздағанша,
Ар үшін бауыздалайын.
Ішім бір қайнап өткенше,
Айналып шөлге кетейін.
Бармақты шайнап өткенше
Шайналып өзім кетейін.
Ілігіп тұрақ тепкенше,
Сылқ етіп тамып кетейін.
Булығып жылап өткенше,
Бұрқ етіп жанып кетейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу