Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  77


Автор: Танакөз Толқынқызы

НЕ ІСТЕ ДЕЙСІЗ ЕНДІ СІЗ?

Не істе дейсіз? Не істе дейсіз енді сіз?
Халге жеттім адам айтса, сенгісіз!
Сіз жоқ жерде ауа да жоқ!.. не болған?
Қайдан келдім? Қайда барам? Белгісіз...
Қайтсем екен сізден қалған көңілді?
...астаң-кестең... быт-шыт болған өмірді?
Біреу жерде құлап жатып бақытты,
Біреу шыңға шығып тұрып, жеңілді...
«Бәрі жақсы болады!»- деп күлесіз.
Бәрі жақсы болмайтынын білесіз...
Өмір сыйлап өлеңіме жалғанда,
Шын өмірді өлеңімде сүресіз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу