Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  90


Автор: Тəпей Қайысханұлы

ГҮЛДЕР

Еркесі де секілді жасы біздер,
Шолжаңдатты қаншалық осы ізгі ел.
Сəлем саған əлдімен көпес дала,
Қалған еді-ау, соңыңда жасыл іздер.
Алдап əлде пендесін бара ма өмір,
Неткен тəтті десеңші бала көңіл.
Мың бояулы гүлменен өрнектеген,
Баурап түгел жаныңды алады өңір.
– Мынау гүлден көрікті-ау, ана гүлдер,
Деп жүгірген қайран сол бала күндер.
Гүл бетіне айнымай түсіп қалған,
Бала шақтың қып-қызыл алауын көр


Арылғандай бір сəтке мұң наладан,
Бір жасарып қалады-ау, мұндағы адам.
Өйткені онда шертіліп нəзік сырлар,
Ақ сəулемнің шашына гүл қадағам.
Қаперге алмас тірліктің қай керегін,
Желбір-жекен шақтарым қайда менің?
Еске салды-ау, топ гүлдер ойда жоқта,
Құрбы қызды əлде бір қаймақ ерін.
Тойған еді қашан бір қызыққа адам,
Шырын тұстей кейбірін үзіп те алам.
Гүл – қыздардай, гүл – өлең көкірегімнен,
Үзіп алып қағазға тізіп барам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу