Өлеңдер ✍️

  15.09.2022
  286


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Түкірдім, бейшара қайғыға...

Түкірдім, бейшара қайғыға,
Ит болып жүрміз ғой байланып.
Сезімді ұмытып жүрегім,
Ей, нәпсі! Отырсың жайланып.
Жаңбырлы боранға, дауылға,
Кетті ғой жүрегім айналып.
Бұлттардың ішінде адасып,
Барады қайыршы ай лағып.
Ай сынды қарашы ай мұңды,
Тұр жалғыз өмірден безініп.
Көлеңкем — мұңлықтың күпісі,
Жамылып жүрмеңдер кезігіп.
Қол бұлғап суық қыз «қош» деді,
Жанымның суығын сезініп.
Қайтейін, мұхит мұң кеудемде,
Жыладым...
Жыладым мен тағы езіліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу