Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  63


Автор: Әлімқұл Данияр

Т-ға

Оянады екенбіз түн үстінде.
Сөйлеседі екенбіз тыныш тілде.
Жабырқау мен жалғыздық, жайсыздықтан,
Жаралғанды қабылдап.... (дұрыс, күнде!)
Білдірместей боламыз жайды мына,
Білмейді де екенбіз қайғыны да.
Арғы жақтан күт мені, бастайықшы …
Ар жолы мен ақ сезім айдынына.
Өткендерді өшіріп, жоямыз да...
Өпкенімді көшіріп, қой аңызға.
Күлмейді де екенбіз езуменен,
Тек жүрекпен жымиып қоямыз ба?
Сөйлей-сөйлей сендіре тыныш тілде,
Құрғап ауыз кеткендей, құм іштім бе?
Көбелекке айналып кетеді деп,
Тозаң болып тұрамын гүл үстінде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу