Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  103


Автор: Әлімқұл Данияр

Көрініс

– Жарық ауып тұңғиыққа көше ме?
– Іңір – дуал.
Іргелері қаланды.
– Көліктері кісінеген көшеде
Көлеңкелер бүр жарады.
– Қараңғы.
Жарық жайын неон нұрлар жатты ұға.
Түнге әкетер жолдар жатыр тұңғиық.
Іңір әне ішіп отыр аптыға,
Көзесіне көңілімнің мұң құйып.
– Қара нөсер, қап-қараңғы құйылып,
Түн жауып тұр.
Ертең тағы жауа ма?
– Түн тозаңы тамып бітпес, тиылып,
Айдың нұры аунап кеткен ауаға.
Жалықтырып Жазу менен Талғамым
Қақ бөлейін дегенімде…
қаламды
ӨЗ көзіме Өзім сенбей қалғаным:
Таң алдында тұр (-ды) ақталып:
Қараңғы!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу