Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  75


Автор: Нұршаш Тоқтарқанқызы

Түн, сен білесің бе?

Түн, сен білесің бе жабырқау жанымды,
Ай бетін жапқан бұлттарың маған жабылды.
Іргесін сенен алысқа алып кеткен,
Жарықтың жаным шүлендігін сағынды.
Түн, сен білесің бе, бәрін де сұрамадың,
Тірліктің көтере алмай сынағанын.
Құшағыңа сенің тығыла түсіп,
Көзімнің жасын еркінше бұлағанмын.
Түн, сен білесің бе, күзетіп әр түнімді,
Бояуыңа матырып кірпігімді.
Жыр қылып жазып отырамын сарылып,
Өмірдің өзінде көп толқуымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу