Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  80


Автор: Нұршаш Тоқтарқанқызы

Біз айырылдық осылай мәңгілікке

Сыр шертер ем талай-талай мен саған,
Қайда кеттің, арманым-ау, аңсаған.
Мынау өмір шала көрген түсімдей,
Өзің жоқсың елесің жүр самсаған.
Ойлар-ойлар терең шүңет теңіздей,
Бойлап барам тереңіне сені іздей.
Тамұқ түннің құшағында қапырық,
Жаттым талай күрсінумен көз ілмей.


Сен алыстап кеткелі жарық нұрдан,
Бақ шырағым сөнулі жанып тұрған.
Сөнген шырақ қайталап жана ала ма,
Тағдырым-ай тарғалаң тарықтырған.
Солай жүрек аңсаумен шерленеді,
Бұл тағдырдың түгемес көлденеңі.
Бақида да жан тірі болса егер,
Іздедің-ау, жарқыным, сен де мені.
Біз осылай айрылдық мәңгілікке,
Өзің бардай атпайды таң күліп те.
Сені ойлаған сәттерде ақыл-ессіз,
Айналып та жүрмін мен әңгүдікке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу